Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Е.Д. Сергиенко және Д.Д. Купеева «Шатило и К» ЖШС-де семинар өткізді.
Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, Enbek ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізу және жаңарту, сондай-ақ қажетті деректерді дұрыс толтыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша жұмыс берушінің өкілдеріне қаралған мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









