«ADCB» ислам банкі» АҚ басшылығымен кездесу туралы

    1 / 2

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Abu Dhabi Commercial Bank (БАӘ) капиталды корпоративтік басқару және инвестициялық банкинг тобының директоры Людовик Нобилимен және «Abu Dhabi Commercial Bank» ислам банкі» (ADCB) АҚ банкінің басшылығымен кездесу өткізді. Кездесуге Директорлар кеңесінің Төрағасы Фарук Аль Мурзуки, Басқарма Төрағасы Гордон Хаскинс және банктің басқа да басшылары қатысты.

    Кездесу барысында тараптар АDСВ тобының стратегиясын және оның Қазақстандағы қызметін, сондай-ақ әмбебап банктік лицензия мен исламдық банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия алуға байланысты мәселелерді талқылады. Банк өкілдері сондай-ақ «АDСВ» ислам банкі» АҚ активтері мен міндеттемелерін «Abu Dhabi Commercial Вапк (Kazakhstan)» АҚ-ға беруге дайындық жұмысы туралы хабарлады.

    Жаңа банктің ашылуы Қазақстан Республикасының банк секторындағы бәсекелестікті дамытуға, бизнес пен халық үшін қаржылық қызметтер аясын кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық банк капиталын тартуға ықпал ететін болады. Сонымен қатар, жаңа банк «исламдық терезе» тетігі арқылы исламдық қаржыландыруды дамытуды жоспарлап отыр, бұл елдің қаржы нарығында баламалы қаржы құралдарының қолжетімділігін кеңейтеді.

    Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының банк секторында 23 банк жұмыс істейді, оның ішінде 10 еншілес банк. Олардың қатарында Abu Dhabi Commercial Bank PJSC еншілес ұйымы болып табылатын «ADCB ислам банкі» АҚ жұмыс істейді. Abu Dhabi Commercial Bank PJSC (ADCB) Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі банктерінің қатарына кіреді. Банктің мажоритарлық акционері толығымен Абу-Даби Үкіметіне тиесілі Mubadala Investment Company тәуелсіз инвестициялық қоры болып табылады.Банк жоғары халықаралық кредиттік рейтингтерге ие (S&P «A+», Fitch «A+») және 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мөлшері бойынша БАӘ-нің 56 банкі арасында 3-ші орында.

    Бұған дейін Агенттік Abu Dhabi Commercial Bank PJSC-ке «Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» АҚ еншілес банкін ашуға, құрылатын банкке қатысты банк холдингі мәртебесін алуға, сондай-ақ еншілес ұйым құруға рұқсат берген болатын. Банк Қазақстан Республикасының әділет органдарында 2026 жылғы 20 сәуірде тіркелген.

    Сыртқы коммуникациялар басқармасы

    [email protected]

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" жаңалықтары