Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың Азиядаму банкінің вице-президенті Инмин Янгпен кездесуі өтті.
Табиғи апаттарға кешенді дайындық және орнықтылықты қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда қолдау мен сараптамалық көмекті қоса алғанда, табиғи апаттар тәуекелдерін қаржыландыру саласындағы ағымдағы өзара іс-қимыл қаралды. Қазақстанда апатты тәуекелдерден сақтандыруды енгізу жөніндегі жұмыс Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкінің белсенді қатысуымен жүргізілді және азаматтардың тұрғынжайын сақтандырудың міндетті әлеуметтік бағдарланған жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Исламдық қаржыландыруды, капитал нарығын дамыту, облигациялар нарығын дамыту және өңірлік капитал нарығын интеграциялау бағыттары бойынша ынтымақтастық талқыланды.
Бүгінгі күні Агенттік қызметкерлер мен нарыққа қатысушылар үшін біліктілікті арттыру бағдарламаларын (capacity-building) жалғастыруға, сондай-ақ өңірлік капитал нарығын интеграциялауға және стандарттарды IFSB және AAOIFI-мен үйлестіруге жәрдемдесуге мүдделі.
Сондай-ақ Тараптар Облигацияларға кепілдік беру қорын құру және дамыту бойынша ынтымақтастық жасау қажеттілігін атап өтті.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









