Мектеп аумағында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді
Тоқжайлау ауылындағы мектепте нашақорлықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Рейд барысында ауыл көшелерінде жүрген жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың қауіпсіздігі мен түнгі уақыттағы тәртібіне назар аударылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жас ұрпақтың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
#Тоқжайлау #МектепӨмірі #НашақорлықтыңАлдынАлу #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #ЖасөспірімҚауіпсіздігі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







