📢 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
Тоқжайлау ауылдық округінің аумағында қызмет атқаратын жеке кәсіпкерлерге маңызды ескерту!
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынады. Аталған талап жастардың денсаулығын қорғау және энергетикалық сусындарды тұтынудың алдын алу мақсатында енгізілген.
⚖️ Заң талаптарын бұзған жағдайда айыппұл қарастырылған:
- Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 АЕК (98 300 теңге);
- Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК (157 280 теңге).
Сатушылар сатып алушының жасына күмән туындаған жағдайда, жеке басын куәландыратын құжатты (жеке куәлік немесе паспорт) көрсетуді талап етуі тиіс. Құжат ұсынылмаған жағдайда энергетикалық сусынды сатуға жол берілмейді.
Энергетикалық сусындарды белгіленген талаптарды бұза отырып сату әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Сондықтан сауда орындарының иелері мен сатушыларға қолданыстағы заңнама талаптарымен танысып, оларды қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз.
❗️ Құрметті кәсіпкерлер! Сауда жүргізу барысында заң талаптарын сақтап, өз жауапкершіліктеріңізге мұқият қарауларыңызды сұраймыз. Заң талаптарын сақтау – ортақ міндет!









