Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысты.
Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетілді.
Мемлекет басшысы ел бойынша ауқымды құрылыс жұмыстарын жандандыруды, бұл бастаманы «Халықтық құрылыс» деп атауды ұсынды.
Жолдауда әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет нысандарын салу мәселелеріне басымдық берілді.









