ШАЛҚАР АУДАНЫНЫҢ МУЗЕЙ ДИРЕКТОРЫ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

    25 қазан – Республика күніне орай Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Н.Ш. Тлембаева Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 20 қазандағы Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

    Мемлекеттік награданы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров салтанатты түрде табыстады.

    Бұл марапат – музей саласын дамытуға, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға қосқан үлесі мен қажырлы еңбегінің лайықты бағасы.

    Н.Ш. Тлембаеваны жоғары мемлекеттік марапатымен құттықтаймыз! Еңбегіне толағай табыс, зор денсаулық және шығармашылық жетістіктер тілейміз!

    #РеспубликаКүні #МемлекеттікМарапат #ШалқарАуданы #Мәдениет

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шалқар ауданы әкімдігі" жаңалықтары