25 қазан – Республика күніне орай Сары Батақұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде мерекелік салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шараға аудан әкімі Қайрат Ақшолақ, аудан ардагерлері, бөлімдер мен мекемелердің басшылары, түрлі сала өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.
Салтанатты жиында аудан басшысы жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтап, Республика күнінің тарихи маңызына тоқталды.
– Республика күні – еліміздің егемендік жолындағы маңызды тарихи белесін айқындайтын мереке. Бұл күн бізге тәуелсіздіктің қадірін, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңызын терең ұғындырады. Мемлекетіміздің дамуы, туған жеріміздің өркендеуі – баршамызға ортақ мақсат. Бүгінде ауданымыздың әр саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың қажырлы еңбегі өңіріміздің дамуына өз үлесін қосып келеді. Алдағы уақытта да бірлігімізді сақтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы жұмыстарды бірлесе жалғастырамыз. Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Әр шаңыраққа амандық, елімізге тыныштық пен береке тілеймін! – деді аудан әкімі.
Мерекелік жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, түрлі салада нәтижелі еңбек етіп жүрген бірқатар азаматқа аудан әкімі Алғыс хаттар табыстады.
Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.
25 қазан – Республика күніне орай Шалқар қаласындағы орталық саябақта Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру және Мемлекеттік Әнұранды орындау рәсімімен басталды.
Мерекелік жиында аудан әкімі Қайрат Ақшолақ жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, бұл күннің еліміз үшін тарихи маңызына тоқталды.
«Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи таңдауын айқындайтын маңызды мереке. Бұл күн – мемлекетіміздің егемендігі мен бірлігінің, ел болашағына деген ортақ жауапкершілігіміздің символы. Баршаңызды ұлттық мерекемізбен құттықтаймын! Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыздың бірлігі бекем болсын!» – деді аудан басшысы.
Салтанатты рәсім аудан өнерпаздарының патриоттық әндерімен жалғасты.
ШАЛҚАРДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
1 / 3
Ұқсас материалдар

Дмитрий Заборских: Әрбір жаңа нысанның артында үлкен жұмыс тұр
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Жетісу ауданында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті
Жетісу ауданы әкімінің аппаратыАшу
400-ден астам адам. 140 көшет. 112 текше метр қоқыс.
Жетісу ауданы әкімінің аппаратыАшу
Республика күні қарсаңында үздік қызметкерлер марапатталды
Жетісу ауданы әкімінің аппаратыАшу
Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді
Жетісу ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Шалқар ауданы әкімдігі" жаңалықтары

Ақтөбенің экосаябағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында оқушылар 100 қайың отырғызды
Шалқар ауданы әкімдігіАшу
«Таза Қазақстан» феномені: қазақстандықтардың үштен бірі ел тазалығы үшін бірікті
Шалқар ауданы әкімдігіАшу
Ақтөбе өңірінде Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтіп жатыр
Шалқар ауданы әкімдігіАшу
Ақтөбе облысында су үнемдеу технологиялары 12,3 мың гектар жерге енгізілді
Шалқар ауданы әкімдігіАшу
Шалқар көлі жағалауында сенбілік жұмыстары жүргізілді
Шалқар ауданы әкімдігіАшу