Президент Жолдауы – ел дамуының стратегиялық бағдары

    1 / 4

    Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындайтын, мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері мен алдағы кезеңге арналған стратегиялық бағдарларын белгілейтін маңызды құжат.

    Целиноград ауданында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы ұжым болып тыңдалып, онда белгіленген басым бағыттар мен алға қойылған міндеттерге назар аударылды.

    Жолдауда құрылыс саласын дамыту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, салық саясатын жетілдіру және әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру мәселелерінің маңызы зор. Бұл бағыттар экономиканың тұрақты дамуына, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

    Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, заңдылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – қоғам тұрақтылығының маңызды негізі. Әрбір азаматтың заңды құрметтеуі мен жауапкершілікті сезінуі құқықтық мемлекеттің дамуына жол ашады.

    «Адал азамат» тұжырымдамасы адалдықты, әділдікті, жауапкершілікті және отаншылдықты дәріптей отырып, қоғамда жоғары адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

    Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді іске асыру мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын, заң талаптарын мүлтіксіз сақтауды және әрбір азаматтың ортақ іске жауапкершілікпен қарауын талап етеді.

    Елдің өркендеуі – нақты мақсатқа, жүйелі жұмысқа және ортақ жауапкершілікке негізделеді. Жолдауда белгіленген басымдықтарды жүзеге асыруға үлес қосу – мемлекеттік қызметшілердің маңызды міндеті әрі ел болашағы алдындағы жауапкершілігі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Целиноград ауданының әкімдігі" жаңалықтары