Экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жастармен кездесу

    Жастардың тәрбиесі қоғамның болашағы үшін аса маңызды. Дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстану арқылы жас буынға адамгершілік, жауапкершілік, еңбекқорлық, білімге деген құштарлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға болады.

    Исламның білімге деген құрметі, оның ішінде ғылымды дамытудың маңызы мен адамның жеке дамуындағы рөлі жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеу мақсатында Қызылорда қаласындағы «Өркениет», «Ұлағат», «Қызылорда медициналық», «Абылайхан» атындағы колледж және Қармақшы ауданы аграрлық-техникалық колледждерінде жастармен кездесулер ұйымдастырылды.

    Кездесуге Қызылорда облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог мамандары қатысып, жастарға терроризм мен экстремизмнің қоғамға тигізетін зияны туралы және олардың алдын алу жолдарын, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен бірлік сезімін қалыптастырып, күмәнді діни контенттен сақ болуға шақырды.

    Бұл шаралар жастарға діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу мақсатында діни тұрақтылық пен бейбітшілікке негізделген рухани құндылықтарды насихаттау және дұрыс діни түсінік берудің маңызы зор, себебі олар болашақта қоғамның жетекші тұлғалары болатыны сөзсіз.

    Кездесу қорытындысымен жастар тарапынан сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар берілді және ұйымдастырушылар экстремизм мен терроризмге қарсы күрес – барша қоғамның ортақ міндеті екенін айта келе, әрбір азаматты ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі болуға шақырды.

    Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының негізінде дайындалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары