Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлері «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

    1 / 3

    Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен төмендегі қызметкерлер марапатталды:

    🏅 Ахметов Медеу Арынұлы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы.

    🏅 Оспанов Арман Әділханұлы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Еңбек заңнамасы басқармасының бас сарапшысы.

    Бұл жоғары мемлекеттік награда олардың көпжылдық адал еңбегінің, кәсіби жетістіктерінің, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға қосқан үлесінің айқын көрінісі болып табылады.

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды!

    Мықты денсаулық, отбасыларына амандық, кәсіби қызметтеріне табыс және Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріне жаңа жетістіктер тілейміз!

    Лайықты мемлекеттік марапаттарыңыз құтты болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті" жаңалықтары