Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында хабардар болуын арттыру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың жүзеге асырылу қорытындылары бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті

    2026 жылғы 23 қазанда «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және халықтың құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында хабардар болуын арттыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың жүзеге асырылу қорытындылары бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қоры жүзеге асырды.

    Іс-шараға жұртшылық, мемлекеттік мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қоғамдық бақылау мәселелері бойынша бір оқыту семинары өткізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта баннер мен жадынамалар әзірленді, бейнероликтер байқауы, Quiz интеллектуалдық ойыны, дебат турнирі ұйымдастырылды.

    Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында төрт бейнеролик, буклеттер мен жадынамалар әзірленді, сондай-ақ еңбек ұжымдарымен 10 кездесу өткізілді.

    Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмысты жалғастыру, сондай-ақ іс-шараларды өткізудің жаңа тәсілдерін енгізу қажеттігін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жітіқара ауданының әкімдігі" жаңалықтары