2026 жылғы 17 қазанда Петропавл қаласының прокуратурасы « Айқын нәтиже », « Қауіпсіз қала » және « Саналы ұрпақ » жобалары аясында 50 жетім балаға арналған іс - шара ұйымдастырды .
Қатысушыларға Астана қаласында түсірілген прокуратура органдарының қызметі туралы сериал көрсетілді . Көрсетілім алдында балаларға заң талаптарын сақтау , кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді .
Іс - шара балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға , заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған . Сериал көрсетілімі аяқталғаннан кейін балаларға ойынсауық сипатындағы мультфильм ұсынылды .
Өскелең ұрпақтың құқықтық тәрбиесі – « Заң мен тәртіп » қағидатына негізделген қоғам қалыптастырудың маңызды қадамы .
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.









