2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жедел кеңес туралы

    1 / 5

    2026 жылғы 21 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында облыс прокуроры Е.Е. Дүйсекеновтің төрағалығымен жедел кеңес өтті.

    Кеңесте прокуратура органдары қызметінің 2026 жылдың 9 айындағы қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

    Кеңес барысында қадағалау қызметінің нәтижелері, өңірдегі заңдылықтың жай-күйі, азаматтардың құқықтарын қорғау, қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі талқыланды.

    «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуына ерекше назар аударылды.

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңірде жалпы қылмыс деңгейінің 19%-ға (2 570-тен 2 082-ге дейін) төмендегені атап өтілді.

    Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың (20-дан 31-ге дейін), кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы зорлық-зомбылық қылмыстарының (9-дан 24-ке дейін) өсуі байқалады.

    Ауыр дене жарақатын келтіру фактілері (47-ден 53-ке дейін), мал ұрлығы (9-дан 11-ге дейін), отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар (56-дан 66-ға дейін), сондай-ақ қайталама қылмыстылық көрсеткіштері өскен.

    Қылмыстылықтың барлық түрлерін қамтитын Жол картасы әзірленіп, «Айқын нәтиже», «Саналы ұрпақ» жобалары іске асырылуда.

    Сондай-ақ кеңесте сумен жабдықтау, жолдардың сапасы, құрылыс, қоныс аударушыларға қатысты мәселелер және жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралды.

    Талқылау қорытындысы бойынша облыс прокуроры нақты нәтижелерге қол жеткізуге, заң бұзушылықтарды уақтылы анықтауға және жоюға, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, сондай-ақ прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.

    Құрылымдық бөлімшелер мен қала және аудан прокуратураларының басшыларына бекітілген бағыттар бойынша жұмысты тиісінше ұйымдастыру және анықталған кемшіліктерді жою үшін толық әрі пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды.

    Қабылданған шешімдердің орындалуы және жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары