Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында волейболдан турнир өтті

    Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында және Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы қызметкерлерінің командасы мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері арасында волейболдан турнир өтті.

    Спорттық іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты дамытуға, прокуратура органдарының қызметкерлері мен жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың белсенді өмір салтына деген ұмтылысын қалыптастыруға бағытталды.
    Тартысты әрі қызықты ойындардың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

    1-орын — Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы командасы;
    2-орын — Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің командасы;
    3-орын — қалалық және аудандық прокуратуралар қызметкерлерінің командасы.

    Турнирге қатысушылар жоғары спорттық дайындық деңгейін, ауызбіршілікті, жеңіске деген жігерді және қарсыластарына деген құрметті көрсетті.
    Жарыс салауатты бәсекелестік пен жолдастық рухта өтіп, прокуратура органдарының өңірдегі білім беру мекемелерімен тиімді өзара іс-қимылының тағы бір жарқын үлгісіне айналды.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары