2026 жылғы 12 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы 23 колледждің және Манаш Қозыбаев атындағы университеттің студенттеріне арналған үлгілік сот процесін ұйымдастырды.
Іс-шара аясында студенттердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігінде көзделген, яғни қару қолдану арқылы бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған облыстың төрт жас тұрғынына қатысты сот үкімі жарияланды.
Сотталғандардың әрқайсысына 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп есептелді.
Іс-шараға облыс колледждері мен университетінің 1 580 студенті бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.
Үлгілік сот процесінің негізгі мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, «Заң мен тәртіп» идеологиясын қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қылмыстардың алдын алу.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.









