20.10.2026 жылы Петропавл қаласында және облыстың 13 аудан орталығында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуге, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізуді жалғастыруда.
Акция аясында азаматтар құқықтық кеңес алып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша жүгіне алады, сондай-ақ уәкілетті органдардың араласуын талап ететін мәселелерді шешуге көмек ала алады.
Атап айтқанда, Уәлиханов ауданының прокуратурасына О.аз. алименттің төленбеуіне байланысты жүгінген. Өтініш берушіге төленуге тиіс алимент бойынша берешек мөлшері 1,5 млн теңгені құраған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде алимент бойынша берешек толық көлемде өтелді. Уақтылы жүгіну және қабылданған шаралар нәтижесінде өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік туды.
Бұл мысал «Құқықтық дәріхана» акциясының практикалық маңыздылығын көрсетеді. Акция барысында азаматтарға құқықтық кеңес берумен қатар, олардың мәселелерін нақты шешуге және бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге ерекше назар аударылады.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады. Облыс прокуратурасы халықтың проблемаларын уақтылы анықтауға, азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша тиімді шаралар қабылдауға және қайталама өтініштердің алдын алуға басымдық береді.
«Құқықтық дәріхана» – жай ғана кеңес емес, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге бағытталған нақты көмек!
Жалпы, акция барысында113 азамат қабылданды.Ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы өткізген «Құқықтық дәріхана» акциялары аясында3 700-ден астам азаматқабылданды.
Облыс прокуратурасы тұрғындарды алдағы уақытта да «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін пайдалануға шақырадыәр сейсенбі сайынПетропавл қаласындағы«Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында(сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да орындарда)өткізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.









