«Құқықтық дәріхана»: нақты нәтижеге бағытталған құқықтық көмек

    1 / 6

    13.10.2026 жылы Петропавл қаласында және облыстың 13 аудан орталығында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді.

    Акцияның негізгі мақсаты – құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, заң бұзушылықтарды уақтылы анықтау және азаматтардың құқықтарын нақты қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдау.

    Кезекті іс-шара барысында сот актілерін орындау, әлеуметтік және еңбек құқықтарын сақтау, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Мәселен, құқықтық көмек алу үшін соттың заңды күшіне енген шешімінің орындалуына ұзақ уақыт бойы қол жеткізе алмай жүрген азамат жүгінді. Ол мәселені шешу үшін бірнеше рет әрекет жасағанымен, мәселе әлі де шешімін таппаған, бұл оның заңды мүдделерін іске асыруына кедергі келтірген.

    Өтінішті қарау барысында прокурорлар ұсынылған материалдарды зерделеп, өндіріп алушының құқықтарын қорғаудың заңнамада көзделген тетіктерін түсіндірді және қалыптасқан жағдайды шешу үшін одан әрі қабылдануы қажет әрекеттердің тәртібін айқындады.

    Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша мәселе бақылауға алынып, уәкілетті органдарға заңнама талаптарының тиісінше орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі көрсетілді.

    Осындай іс-шараларды өткізу азаматтарға құқықтық кеңес қана емес, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде туындайтын қиындықтарды еңсеруге бағытталған практикалық көмек алуға да мүмкіндік береді.

    «Құқықтық дәріхана» акциясы жалғасын табады. Прокуратура органдарының жұмысы әрбір азаматтың қажетті құқықтық көмекті уақтылы алуына, ал анықталған заң бұзушылықтарға тиісті құқықтық баға беріліп, олардың жойылуына бағытталған.

    Жалпы, акция барысында117 азамат қабылданды.Ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы өткізген «Құқықтық дәріхана» акциялары аясында3 500-ден астам азаматқабылданды.

    Облыс прокуратурасы тұрғындарды алдағы уақытта да «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін пайдалануға шақырадыәр сейсенбі сайынПетропавл қаласындағы«Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында(сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да орындарда)өткізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары