«Браконьерлікті тоқтату»: Солтүстік Қазақстан облысында жануарлар дүниесін қорғау акциясы өтті

    Солтүстік Қазақстан облысының табиғи әртүрлілігі флора мен фаунаның байлығымен, көркем табиғи бұрыштарымен таң қалдырады.

    Өңірде туризмнің әртүрлі түрлерін, соның ішінде аңшылық пен балық аулауды дамытуға бірегей мүмкіндіктер бар.

    Облыс аумағында жойылып кету қаупі төнген және Қызыл кітапқа енгізілген аңшылық жануарлардың 27 түрі мен жануарлардың 11 түрі мекендейді.

    Сонымен қатар, соңғы үш жылда рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша уәкілетті органдар 2912 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жануарлар дүниесіне келтірілген шығын көлемі 125 миллион теңгеден асты.

    Осыған байланысты, аңшылық әуесқойлары арасында экологиялық мәдениетті арттыру, биологиялық әртүрлілікті сақтау және жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз өндірудің алдын алу мақсатында мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Браконьерлікті тоқтату» кең ауқымды акциясын өткізді.

    Осы іс-шара шеңберінде уәкілетті және құқық қорғау органдары профилактикалық рейдтік іс-шараларды ұйымдастырды, сонымен қатар халықпен және аңшылық пайдаланушылармен кездесулер өткізді.

    Браконьерлік үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылады.

    Акцияға қатысушыларға жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алып қою, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерді жою, сондай-ақ табиғатқа зиян келтіру үшін жауапкершілікті көздейтін заңнама нормалары түсіндірілді.

    Акцияны ұйымдастырушылар браконьерлік экожүйелерге орны толмас зиян келтіретінін, табиғаттағы табиғи теңгерімді бұзатынын және болашақ ұрпақ үшін биологиялық әртүрлілікті сақтауға қауіп төндіретінін атап өтті.

    Акцияға 100-ден астам аңшылық әуесқойлары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, халықты жануарлар дүниесіне бірлесіп ұқыптылықпен қарауға және табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға шақырды.

    Браконьерлік фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жалғасады.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары