Қауіпсіз жол- ережелерді сақтаудан басталады

    1 / 5

    2026 жылғы 20 қарашада облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, құқық бұзушылықты азайту жөніндегі өңірлік Жол картасын іске асыру, «Саналы ұрпақ», «Айқын нәтиже» және Қауіпсіз қала» жобаларын іске асыру шеңберінде «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» кезекті акциясы өтті.

    Акция полиция және білім органдарымен мектептер базасында ата-аналар комитеттерінің өкілдерімен және оқушылармен кездесулер түрінде өтті. Іс-шараға 2500-ден астам адам, оның ішінде ЗУМ құралы арқылы қатысты.

    Акцияның негізгі мақсаты-балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және мектеп оқушыларын ың жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру.

    Ата-аналарға балаларының жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі және қауіпсіздік мәселесінде жеке үлгі көрсету маңыздылығы ескертілді.

    Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, қорлау, кәмелетке толмағандарды құқыққа қайшы әрекеттерге тарту, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ата-аналардың жауапкершілігі мәселелері де қозғалды.

    Мектеп оқушылары үшін практикалық сабақтар өткізілді, онда нақты мысалдар арқылы балаларға жолды дұрыс және қауіпсіз кесіп өту, жол жағдайын бағалау және қауіпті жағдайлардан аулақ болу жолдары көрсетілді.

    М.Жұмабаев ауданында қысқы кезеңге дайындық үшін мектеп автобустары қосымша тексеріліп, үлгілі жүргізушілерге грамоталар табысталды.

    Мұндай профилактикалық іс-шаралар жалғас ын таппақ.

    Балалардың ж олдардағы қауіпсіздігі мемлекеттік органдардың, ата-аналардың және жол қозғалысына қатысушылардың өздерінің тұрақты назарын талап етеді.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары