Құқықтық мәдениетті қалыптастыру және «Заң мен Тәртіп » қағидатын ілгерілету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде облыс прокуратурасының үйлестіруімен ҚАЖ департаментімен және облыс әкім д ігімен бірлесіп, № 50 мекемеде Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының әртістері дайындаған театрландырылған қойылым өтті.
Қойылымның негізгі мақсаты сотталғандарға рухани-адамгершілік және мәдени тәрбие беру, заңға, жалпы адамдық және қоғамдық құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ жасалған құқық бұзушылықтар үшін жеке жауапкершілікті сезіну болды.
Іс-шара 230-дан астам сотталғанды қамтыды.
Сотталғандарды түзету үшін жағдайлар жасау, олардың білім және кәсіби дағдылар алуы, сондай-ақ тұрақты әлеуметтік бағдарларды қалыптастыру қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Мұндай мәдени-ағартушылық іс-шаралар сотталғандардың рухани дамуына, олардың әлеуметтік бейімделуіне және босатылғаннан кейін қоғамға қайта бейімделулеріне ықпал етеді, сонымен қатар қылмыстың қайталануының алдын алуға бағытталған.
Аталған бағыт бойынша жұмыс жалғасады.
Солтүстік Қазақстан облысыныңпрокуратурасы.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








