1 / 3
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен ротация тәртібінде аға әділет кеңесшісі Ерболат Қайыржанұлы Ибраев одан әрі қызметін жалғастыру үшін Қостанай облысының прокуратурасына тағайындалды.
Облыс прокуратурасының басшылығы мен ұжымы оған адал қызметі, кәсібилігі, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Іс-шара барысында Ерболат Қайыржанұлына жаңа қызмет орнында табыс, алдағы кәсіби қызметіне жетістіктер, зор денсаулық және амандық тіленді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






