Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметіне жүргізілген тексеру барысында «Тимирязево – Докучаево» автомобиль жолын орташа жөндеуге бөлінген 87 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемдену фактісін анықтады.
Аталған алаяқтықты жасағаны үшін мердігер ұйымның бұрынғы басшысы күдікке ілінді.
Ағымдағы жылғы 12 қазанда материалдар прокуратураның Ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, облыстың Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.
Сол күні Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







