АЛМАТЫДА «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

    9 қарашадан бастап Алматы қаласының Полиция департаменті қала аудандары әкімдерінің аппараттарымен бірлесіп, «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою.

    Іс-шара аясында полиция қызметкерлері қала аумағындағы тұрғын үйлерді аралап, тұрғындар арасында қысқаша сауалнама жүргізеді. Бұл жұмыстар тұрғындарды алаңдататын мәселелерді анықтауға және қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған.

    Назар аударыңыз!

    Полиция қызметкері үйіңізге келген жағдайда:

    • Өзін таныстырып, аты-жөні мен лауазымын айтуға;
    • Қызметтік куәлігін көрсетуге;
    • Келу мақсатын түсіндіруге міндетті.

    Іс-шара қорытындысы бойынша тұрғын үйлер мен аулалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қосымша шаралар қабылданады.

    Қала тұрғындарын аталған жұмыстарға түсіністікпен қарап, полиция қызметкерлеріне қолдау көрсетуге шақырамыз.

    «Заң мен тәртіп» – ортақ қауіпсіздігіміздің кепілі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары