Наталия Сац атындағы театрға 81 жыл!

    1 / 4

    Әуезов ауданында орналасқан Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры өзінің 81 жылдық мерейтойын атап өтті.

    1945 жылғы 7 қарашада Наталия Сацтың бастамасымен шымылдығын түрген өнер ордасы бүгінде Алматы қаласының мәдени өмірінде ерекше орын алады. Сегіз онжылдықтан астам уақыт ішінде театр бірнеше буын көрерменнің сүйікті мекеніне айналып, балалар мен жасөспірімдердің рухани және эстетикалық тәрбиесіне зор үлес қосты.

    Биылғы мерейтойдың ерекшелігі – театр ұжымының Шаляпин көшесі, 22 мекенжайындағы жаңартылған ғимаратына қайта оралуы. Бұл айтулы оқиға өнер ордасының шығармашылық өміріндегі жаңа кезеңнің басталуымен тұспа-тұс келді.

    Мерейтойға орай Әуезов ауданының әкімі мен аудан тұрғындарының атынан театр ұжымына гүл шоқтары табысталып, ізгі тілектер жеткізілді.

    81 жылдық тарихы бар өнер ордасына шығармашылық табыс, толағай жетістіктер мен көрерменнің ыстық ықыласын тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары