Әуезов ауданында жауын-шашын салдарын жою жұмыстары күшейтілді

    1 / 9

    Алматы қаласының Әуезов ауданында жауын-шашынға байланысты көше-жол желілерін санитарлық тазалау, су басу жағдайларының алдын алу және олардың салдарын жою жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде.

    Қазіргі таңда аудан аумағындағы көше-жол желілерін санитарлық тазалау жұмыстарына 45-тен астам арнайы техника мен 250-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылған.

    Су басу қаупі бар учаскелерге ерекше назар аударылуда. Арық жүйелеріндегі су жиналу және арнасынан асып төгілу жағдайларын жою мақсатында 15 арнайы техника мен 70-ке жуық жұмысшыдан тұратын 15 бригада жұмыс атқаруда.

    Сонымен қатар, аула аумақтарындағы су басу жағдайларын жоюға 203 жұмысшы, 15 арнайы техника және 7 мотопомпа жұмылдырылды.

    Коммуналдық қызмет мамандары арық-науа жүйелерін жапырақтар мен қоқыстардан тазартып, жауын суының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдауда.

    Аулаңызда немесе көше бойында су жиналу жағдайлары байқалса, жедел әрекет ету үшін Instagram парақшамыздың Direct бөліміне мекенжайын көрсетіп жазуыңызды сұраймыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары