Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен реттеледі.

    Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

    1)Өтініш.

    2)Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер.

    3)Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі немесе қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі.

    4)Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген тексеру немесе профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі.

    Жаңадан пайдалануға берілетін объектілер үшін объектіні пайдалануға қабылдау актісі, сондай-ақ:

    • өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
    • өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар;
    • эвакуациялау жоспары;
    • қажетті алғашқы өрт сөндіру құралдарының ең төменгі тізбесі;
    • өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылады.

    5)Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық қағидаларға сай келетін тамақтандыру объектісінің болуы және тамақтандыру объектісіне берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтер.

    Қызмет алушыларды тамақтандырумен қамтамасыз ету туралы шарттың көшірмесі.

    6)Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты.

    7)«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында» көзделген штаттық нормативтерге сәйкес медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер.

    Немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсету туралы шарт негізінде

    алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін, қызмет алушылар тіркелген денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі.

    8)Бекітілген штат кестесі, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіптік білімін, біліктілігін растайтын құжаттар, кәсіптік даярлықтан және қайта даярлаудан өткені туралы сертификат, кәсіптік біліктілігін тану туралы құжат (бар болған жағдайда).

    Ескерту:Қызметкерлердің ең төменгі штаттық нормативтері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында белгіленген

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары