Әуезов ауданында қысқы маусымға дайындық деңгейі тексерілді

    1 / 25

    Алматы қаласының Әуезов ауданында қысқы кезеңге дайындық аясында коммуналдық қызметтердің арнайы техникаларына тексеру жүргізілді.

    Тексеру барысында техникалардың жарамдылығы, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі және қар тазалау жұмыстарына дайындығы назарға алынды.

    Қысқы маусымда ауданның көше-жол желісін қардан тазалау және күтіп ұстау жұмыстарына «Алматы Тазалық» МКК және «Қуат и А» мердігер ұйымының 146 арнайы техникасы мен 419 жұмысшысы жұмылдырылады.

    Сонымен қатар, аула аумақтарын қардан тазалау және күтіп ұстау үшін 37 арнайы техника мен 440 жұмысшы қарастырылған.

    Жалпы, қысқы кезеңде аудан бойынша 183 арнайы техника мен 859 жұмысшы қызмет атқарады.

    Негізгі мақсат – қыс мезгілінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қар тазалау және көктайғаққа қарсы жұмыстарды уақытылы жүргізу, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары