2026 жылдың 9 айындағы Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты атқарған жұмыстары туралы есеп
Бюджет қаражатының игерілуі
2026 жылға арналған қаржыландыру жоспары 27 766 341,0 мың теңгені құрайды. 9 айға арналған қаржыландыру жоспары – 19 082 518,0 мың теңге. Нақты игерілген қаражат көлемі 18 868 560,2 мың теңгені құрады, бұл жоспардың 98,9%-ын құрайды.
Салық түсімдері
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджет (МБ) жоспары 242,1 млрд теңгені құраған кезде, нақты түсім 266,4 млрд теңгеге жетті. Жоспар 110,1%-ға орындалды, өсу қарқыны – 100,2% (2025 жылғы 1 қазандағы нақты көрсеткіш – 265,8 млрд теңге). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 24,4 млрд теңгеге артық.
Республикалық бюджет (РБ) бойынша жоспар 108,5 млрд теңгені құраса, нақты түсім 127,2 млрд теңгеге жетті. Жоспар 117,3%-ға орындалды, өсу қарқыны – 100% (2025 жылғы 1 қазандағы нақты көрсеткіш – 127,2 млрд теңге). Жоспарлы көрсеткіштен 18,8 млрд теңгеге артық.
Жергілікті бюджет (ЖБ) бойынша жоспар 133,6 млрд теңгені құраған кезде, нақты түсім 139,2 млрд теңгені құрады. Жоспар 104,2%-ға орындалды, өсу қарқыны – 100% (2025 жылғы 1 қазандағы нақты көрсеткіш – 138,6 млрд теңге). Жоспарлы көрсеткіштен 5,6 млрд теңгеге артық.
Өнеркәсіп
Ауданда жалпы жұмысшылар саны 44 261 адамды құрайтын 170 ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді. Орташа айлық жалақы 419 мың теңгеден асады.
Кәсіпорындардың жалпы санынан 22-сі өнеркәсіп саласына жатады. Аталған саланың қаланың жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі 4,3%-ды құрайды.
2026 жылға арналған өнеркәсіптік өндіріс көлемінің жоспары 101 млрд теңгені құрайды. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша (шағын кәсіпорындарды қоса алғанда) жоспарға сәйкес 79,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 110,3%-ды құрады.
Инвестициялар
Алматы қаласының әкімі мен Әуезов ауданының әкімі арасында жасалған 2026 жылға арналған қызметті үйлестіру және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу туралы меморандумға сәйкес, аудан бойынша негізгі капиталға салынатын инвестициялардың 2026 жылға арналған жоспарлы көлемі 100,1 млрд теңге болып белгіленді. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша 64,7 млрд теңге игерілді. Нақты көлем индексі 65,6%-ды құрады.
Әуезов ауданында негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемін ұлғайту мақсатында тұрғын үй құрылысы саласында бірқатар жаңа инвестициялық жобалар іске асырылуда.
Қазіргі уақытта аудан аумағында төмендегі көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүргізілуде:
· «Alkey Margulan» тұрғын үй кешені (тапсырыс беруші – «YNTYMAQ CORPORATION» ЖШС, құрылыс салушы – «Стройпроектсервис» ЖШС), мекенжайы: Ақсай-4 шағынауданы, 16/3-учаске;
·жерасты автотұрағы бар көппәтерлі тұрғын үй кешені (тапсырыс беруші – «Etude-Ybyrai» ЖШС, құрылыс салушы – «7 Stroi Development» ҚК ЖШС), мекенжайы: 12-шағынаудан, 20-үй;
· «Svoy Dom» тұрғын үй кешені (тапсырыс беруші – «Достык Құрылыс Алматы» ЖШС, құрылыс салушы – «Веско СтройГрупп» ЖШС), мекенжайы: Науаи көшесінің шығысында, Жандосов көшесінің оңтүстігінде;
· «Amale» тұрғын үй кешені (тапсырыс беруші – «Кокебаев А.Б.» ЖШС, құрылыс салушы – «Qazaq Story Almaty»), мекенжайы: Өтеген батыр көшесі, 39Г.
Сонымен қатар, 2026 жылға арналған қызметті үйлестіру және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу туралы меморандумға сәйкес, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Әуезов ауданының негізгі капиталына салынатын инвестициялардың жоспарлы көлемі 57,3 млрд теңгені құрады. Бұл ретте нақты көлемі 64,7 млрд теңгеге жетті. Осылайша, бірінші жартыжылдыққа арналған меморандумның жоспарлы көрсеткіші 7,4 млрд теңгеге немесе 12,9%-ға артығымен орындалды. Бұл белгіленген жоспардың мерзімінен бұрын орындалып жатқанын көрсетеді.
Сауда
Бөлшек сауда бағыты бойынша 2026 жылға 1,2 трлн теңге көлемінде жоспар бекітілді.
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бөлшек сауданың нақты көлемі 910,5 млрд теңгені құрады. Бұл саланың дамуында оң динамика бар екенін көрсетеді. Жоспар бойынша нақты көлем индексі 104% деңгейінде қалыптасты.
Көтерме сауда бағыты бойынша 2026 жылға 1,4 трлн теңге көлемінде жоспар бекітілді.
Ағымдағы күндегі жағдай бойынша көтерме сауданың нақты көлемі 805,9 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 73,4%.
Құрылыс
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 65,4 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 107,0%.
Тұрғын үйді пайдалануға беру
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында жалпы ауданы 16 461 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы нақты көлем индексі 9,5%-ды құрады.
Жылжымайтын емес сауда нысандарын (ЖЕСН) бұзу
Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының хаттамалық тапсырмасын, сондай-ақ Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының тапсырмасын орындау мақсатында 2026 жылдың басынан бері аудан аумағында 207 жылжымайтын емес сауда нысаны бұзылды.
Бүгінгі таңда 21 күрделі құрылыс нысаны, сондай-ақ «Әуезов ауданы мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің құрамына кіретін 14 жылжымалы емес сауда нысаны және 8 жылжымайтын емес сауда нысаны қалып отыр.
Көшедегі заңсыз сауданы жою
Ауданда заңсыз саудаға жол бермеу мақсатында қабылданып жатқан шаралар аясында киім-кешек, көкөніс, сүт өнімдері мен үй гүлдерін сататын 7 ірі сауда нүктесі жойылды.
Белгіленбеген орындарда сауда жасаған азаматтармен қолданыстағы заңнама талаптары мен Алматы қаласын абаттандыру қағидаларын сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың басынан бері аудандық Полиция басқармасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 204-бабы бойынша жалпы сомасы 4 735 873 теңгеге 1 450 хаттама толтырды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша жалпы сомасы 8 758 125 теңгеге 2 867 хаттама жасалды.
Қараусыз қалған жануарларды аулау
Ағымдағы жылдың басынан бері аудан аумағында қараусыз жүрген 719 ит ауланды, оның 93-і иелеріне қайтарылды.
Бұдан бөлек, 194 жануарға ревакцинация жүргізілді, 57 ит зарарсыздандырылды, 284 жануарға ветеринариялық көрсетілімдер бойынша эвтаназия жасалды, ал 355 жануардың өлексесі белгіленген тәртіппен кәдеге жаратылды.
Қараусыз жүрген жануарлар шоғырланатын орындар көрсетілген тәуекел картасы әзірленді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары
Базарларда, желілік супермаркеттер мен гипермаркеттерде, сондай-ақ үй жанындағы дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг «Сауда қызметін реттеу туралы» заңға сәйкес тұрақты негізде жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері туралы мәліметтер апта сайын Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жолданады.
Мониторинг барысында кәсіпкерлермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15%-дан артық сауда үстемесін қолдануға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Ағымдағы кезеңде үй жанындағы дүкендерге сауда үстемесін сақтау қажеттілігі туралы шамамен 281 хабарлама таратылды.
Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасып, тұрақты бақылауда болады.
Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту
Алматы қаласының атмосфералық ауасының сапасын жақсарту және атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру жөніндегі 2026–2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (Жол картасын) орындау аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аудан аумағында барлығы 10 өнеркәсіптік кәсіпорын бар (2 ірі, 6 орта және 2 шағын кәсіпорын). Оның ішінде:
· I қауіптілік санаты – 0 кәсіпорын (аса қауіпті: сынап, қорғасын, мышьяк және т.б.);
· II қауіптілік санаты – 1 кәсіпорын (жоғары қауіпті: хлор, аммиак, хром және т.б.);
· III қауіптілік санаты – 0 кәсіпорын (орташа қауіпті: көміртек оксиді, азот оксидтері, марганец, фенол);
· IV–V қауіптілік санаттары – 9 кәсіпорын (қауіптілігі төмен және қауіпті емес).
Қоршаған ортаға кері әсерді азайту және нысандардың қызметін белгіленген талаптарға сәйкестендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Алматы қаласының Экология басқармасы және Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп тексеру жұмыстары жүргізілді.
Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының тапсырмасын орындау мақсатында Әуезов ауданында газдандыру және шағын және орта бизнес субъектілерін экологиялық тұрғыдан тиімді отын түрлеріне көшіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Әуезов ауданы аумағындағы шағын және орта бизнес нысандарын газдандыру жұмыстары толық аяқталды. Бекітілген кестеге сәйкес, 2026 жылғы қазан айының соңына дейін шағын және орта бизнестің барлық 378 нысаны газға қосылды. Бұл жалпы нысандар санының 100%-ын құрайды.
Жауапты тұлғалармен газбен немесе электр қуатымен жылыту жүйесіне көшу, сондай-ақ Алматы қаласын абаттандыру қағидаларын сақтау және қоршаған ортаға кері әсерді азайту шараларын қабылдау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.
Бүгінгі таңда аудан аумағында абаттандыру бойынша шамамен 1 610 паспорт жасалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.
Алматы қаласының дизайн-кодын іске асыру аясында Әуезов ауданының бірыңғай сәулеттік-көрнекі келбетін қалыптастыру
Дизайн-кодты енгізу жұмыстары ауданның бірыңғай сәулеттік-көрнекі келбетін қалыптастыру мақсатында жүйелі негізде жүргізілуде. Бұл жұмыс ғимараттардың қасбеттерін, маңдайшаларды, сыртқы жарнаманы және іргелес аумақтарды бірыңғай талаптарға сәйкестендіруді көздейді.
Аудан аумағында жеке тұрған 34 бизнес-орталық жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 10 нысанда сәулеттік жарықтандыру орнатылған. Қалған 24 нысан бойынша меншік иелерімен жарықтандыруды кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Сыртқы жарнама бойынша аудан аумағында заңды негізде 112 билборд, 42 LED-экран және 122 коммерциялық жарнамалық құрылым орналастырылған.
Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасымен және Әуезов ауданының Полиция басқармасымен бірлесіп, заңсыз орналастырылған маңдайшалар мен жарнамалық құрылымдарды бөлшектеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Сонымен қатар, Алтынсарин және Абай даңғылдарының, Саин, Жандосов, Шаляпин және Төле би көшелерінің бойында кәсіпкерлік субъектілерінің маңдайшалары ретсіз орналастырылған 15 проблемалық орын анықталды.
Кәсіпкерлік нысандарының меншік иелеріне қасбеттер мен маңдайшаларды қаланың дизайн-код талаптарына сәйкестендіру қажеттілігі туралы 280-нен астам хабарлама берілді.
Аула аумақтарын ағымдағы жөндеу
Ағымдағы жөндеу аясында Әуезов ауданының 130 ауласында жөндеу жұмыстары жүргізілді:
·тартан жабынын жөндеу және ауыстыру – 93 аула;
·футбол және баскетбол алаңдарының қоршауларын жөндеу және бояу – 24 алаң;
·футбол және баскетбол алаңдарының қоршауларының зақымдалған элементтерін ауыстыру – 17 алаң;
·футбол және баскетбол алаңдарының жабындарын ауыстыру – 13 алаң.
5-шағынауданда және Ақсай-4 шағынауданында 12 аула аумағын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Инженерлік желілерді реконструкциялау
Инженерлік желілерді реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Оның ішінде жылу желілері бойынша – 9 мекенжайда, кәріз желілері бойынша – 7 мекенжайда жұмыстар жүргізілді (оның ішінде 6 мекенжайда жұмыстар аяқталды, 1 мекенжайда жұмыстар 30 қазанға дейін жалғасады).
Сонымен қатар, 1 мекенжайда сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Жұмыстарды аяқтау мерзімі – 30 қарашаға дейін.
Тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту
Ағымдағы жылы қасбеттерді жаңарту жұмыстары аясында Абай даңғылының бойында орналасқан 11 көппәтерлі тұрғын үй жөнделуде.
Мекенжайлары:
· 5-шағынаудан: 14, 15, 16, 29, 30-үйлер;
· 6-шағынаудан: 3А, 3Б, 48-үйлер;
·Сайран шағынауданы: 2А, 2, 2Б-үйлер.
Жұмыстарды аяқтау мерзімі – 30 қараша.
Сыртқы жарықтандыру
2026 жылдың 9 айында Әуезов ауданы аумағында сыртқы жарықтандыру желілерін күтіп ұстау және қызмет көрсету аясында келесі жұмыстар орындалды:
1.Шамдарды ауыстыру – 1 859 дана.
2.Шамдарды бөлшектеу – 1 478 дана.
3.Жарықтандыру бағаналарын түзету – 81 дана.
4.Жарықтандыру бағаналарын орнату – 234 дана.
5.Сыртқы жарықтандыру желілерінің сымдарын тарту – 15,620 км.
6.Жарықтандыру бағаналарын бояу – 554 дана.
7.Кронштейндерді бояу – 449 дана.
8.Қысқа тұйықталу жағдайларын жою – 355 жағдай.
9.Электр беру желілеріндегі үзілімдерді жою – 396 жағдай.
Жылыту маусымына дайындық
Ағымдағы жылдың сәуір-қазан айлары аралығында «АлТС» ЖШС өкілдерімен, сондай-ақ ПИК, МИБ және басқарушы компаниялардың басшыларымен бірлесіп, көппәтерлі тұрғын үйлерді алдағы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындау жұмыстары жүргізілді.
Алматы қаласы Әуезов ауданының Мамыр-3, Мамыр-4 шағынаудандарындағы жаяу жүргіншілер аймағын күрделі жөндеу
Жоба аясында жалпы ауданы 3,6 га болатын аумақты кешенді абаттандыру көзделген. Жоба шамамен 8 600 тұрғынды қамтиды.
Жоба бойынша жалпы ауданы 23 441 м² жабын төсеу қарастырылған. Оның ішінде асфальт жабыны – 13 240 м², тротуар жабыны – 6 550 м² және резеңке жабын – 553 м².
Жалпы ауданы 3 098 м² болатын аумақты көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінген. Жоба аясында 215 бұта, 120 жапырақты және 76 қылқан жапырақты ағаш отырғызу көзделген.
Сонымен қатар, тұрғындардың демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы қоғамдық орта қалыптастыру мақсатында 6 демалыс аймағын, 3 балалар ойын алаңын және 1 спорт аймағын құру қарастырылған. Келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін композитті мәрмәрдан жасалған 46 орындық пен 32 қоқыс жәшігін, төбесі бар 3 күркелерді және 137 жарықтандыру шамын орнату жоспарланған.
Жобаны іске асыру қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды жақсартуға, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамытуға, белсенді демалыс үшін қолайлы жағдай жасауға және Мамыр-3 пен Мамыр-4 шағынаудандары тұрғындарының өмір сүру жайлылығын арттыруға бағытталған.
Жоба аяқталды.
Алматы қаласы Әуезов ауданының 7-шағынауданындағы Алтынсарин даңғылынан Янтарная көшесіне дейінгі және Абай даңғылынан 12-шағынаудандағы 16-үйге дейінгі аумақты абаттандыру және көгалдандыру
Жоба аясында жалпы ауданы 5,1 га болатын аумақты кешенді абаттандыру көзделген. Жоба шамамен 33 100 тұрғынды қамтиды.
Жабындардың жалпы ауданы 21 778 м² құрайды. Оның ішінде асфальт жабыны – 5 280 м², резеңке жабын – 1 085 м² және тротуар жабыны – 6 113 м².
Жалпы ауданы 9 300 м² болатын аумақты көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінген. Жоба бойынша 686 бұта, 41 жапырақты және 70 қылқан жапырақты ағаш отырғызу, сондай-ақ 3 альпілік төбешік жасау қарастырылған.
Қолайлы әрі заманауи қоғамдық орта қалыптастыру мақсатында жоба аясында 12 демалыс аймағын, 8 балалар ойын алаңын және 9 спорт аймағын абаттандыру көзделген. Қосымша 68 орындық пен композитті мәрмәрдан жасалған 44 қоқыс жәшігін, сондай-ақ 130 жарықтандыру шамын орнату жоспарланған.
Жобаны іске асыру аумақты абаттандыруды жақсартуға, көгалдандырылған кеңістіктердің көлемін ұлғайтуға, демалыс пен спортпен шұғылдануға қосымша жағдай жасауға, сондай-ақ аудан тұрғындары үшін қалалық ортаның қолайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба аяқталды.
Алматы қаласы Әуезов ауданының Ақсай-4 шағынауданындағы скверді күрделі жөндеу және абаттандыру
Жоба аясында жалпы ауданы 3,3 га болатын аумақты кешенді абаттандыру көзделген. Жоба шамамен 9 000 тұрғынды қамтиды.
Жоба бойынша жалпы ауданы 35 670 м² жабын төсеу қарастырылған. Оның ішінде асфальт жабыны – 14 355 м², тротуар жабыны – 4 673 м² және резеңке жабын – 399 м².
Аумақтың едәуір бөлігі жалпы ауданы 16 263 м² болатын көгалдандыру жұмыстарына бөлінген. Жоба аясында 245 бұта, 34 жапырақты және 70 қылқан жапырақты ағаш отырғызу, сондай-ақ бір альпілік төбешік жасау көзделген.
Тұрғындардың демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы кеңістік қалыптастыру мақсатында 25 демалыс аймағын, 4 балалар ойын алаңын және 1 спорт аймағын абаттандыру қарастырылған. Бұдан бөлек, құрғақ субұрқақ жасау, 50 орындық пен композитті мәрмәрдан жасалған 46 қоқыс жәшігін, сондай-ақ 45 жарықтандыру шамын орнату жоспарланған.
Жобаны іске асыру қоғамдық аумақты абаттандыруды жақсартуға, көгалдандырылған аумақтың көлемін ұлғайтуға, отбасылық демалыс пен спортпен шұғылдануға қосымша мүмкіндіктер жасауға, сондай-ақ қалалық ортаның сапасы мен аудан тұрғындарының өмір сүру қолайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба аяқталды.
Әуезов ауданында көше-жол инфрақұрылымын абаттандыру жұмыстары
Ауданның көше-жол инфрақұрылымын абаттандыру аясында ескі 200 құдық қақпағын қалқымалы үлгідегі қақпақтарға ауыстыру, сондай-ақ жалпы ауданы 8 мың м² болатын техникалық тротуарлар салу көзделген.
Әуезов ауданындағы автомобиль жолдары мен аула аумақтарын күтіп ұстау
Алматы қаласы Әуезов ауданының аумағында автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу аясында жалпы ауданы 19,5 мың м² жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары орындалды.
Жұмыстар асфальтбетон жабынындағы ақауларды жоюға және ауданның автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Ағаштарды санитарлық мақсатта кесу
2026 жылдың 9 айы ішінде Алматы қаласы Әуезов ауданының аумағында шамамен 33 000 ағашқа санитарлық мақсатта кесу жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстарды орындауға төрт мердігер ұйым тартылды:
1. «Azimut Line» ЖШС;
2. «Garant Telecom» ЖШС;
3. «Аксай КЗ» ЖШС;
4. «Самғау Групп» ЖШС.
Ағаштарды санитарлық мақсатта кесу жұмыстары толық көлемде аяқталды.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аула аумақтарын ағымдағы жөндеу
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру аясында 2026 жылы Әуезов ауданының 29 учаскесінде аула аумақтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстарды орындауға келесі мердігер ұйымдар тартылды:
1. «Jasyl Onir» ЖШС;
2. «Valoruno» ЖШС;
3. «Zere Capital» ЖШС;
4. «New Qaz Construction» ЖШС;
5. «Аламан Групп» ЖШС;
6. «Аксай КЗ» ЖШС.
Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша көрсетілген учаскелердегі аула аумақтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жұбанов көшесін абаттандыру
Жоба аясында Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі Жұбанов көшесінің жалпы ұзындығы 2,4 км болатын бөлігін кешенді абаттандыру көзделген.
Жабындардың жалпы ауданы 8,2 га құрайды. Оның ішінде асфальт жабыны – 4 300 м², резеңке жабын – 2 000 м² және тротуар жабыны – 15 000 м².
Жалпы ауданы 31 000 м² болатын аумақты көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінген. Жоба бойынша 33 000 бұта, 464 ағаш және 6 100 гүл отырғызу көзделген.
Қолайлы әрі заманауи қоғамдық орта қалыптастыру мақсатында 5 балалар ойын алаңын және 2 спорт аймағын абаттандыру қарастырылған. 83 орындық пен 83 қоқыс жәшігі, сондай-ақ 200-ден астам жарықтандыру шамы орнатылды.
Жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар қалалық инфрақұрылымның жағдайын жақсартуға және аудан тұрғындары үшін қалалық ортаның қолайлылығын арттыруға бағытталған.
Жоба аяқталды.
Гүлзарларды отырғызу және күтіп ұстау
2026 жылдың 9 айы ішінде Алматы қаласы Әуезов ауданының аумағында жалпы ауданы шамамен 6 000 м² болатын гүл отырғызу жұмыстары орындалды.
Жұмыстар Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша гүл отырғызу іс-шаралары аясында жүзеге асырылды. Мердігер ұйым – «Progress» ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі.
Қазіргі уақытта мердігер ұйым гүлзарларды күтіп ұстау жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыстар гүл екпелерінің тиісті жағдайын қамтамасыз етуге және аудан аумағының эстетикалық келбетін сақтауға бағытталған.
Арық желілерін ағымдағы жөндеу
Есепті жылдың 9 айында арық желілерін ағымдағы жөндеу аясында жалпы ұзындығы 2 250 погон метр болатын жұмыстар орындалды.
Сонымен қатар, Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы желісі бойынша аудан аумағында ұзындығы 10 км арық желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 7 км арық желісін жөндеу жоспарланған.
Жұмыстар арық желілерінің тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз етуге және олардың үздіксіз жұмыс істеуіне бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Сондай-ақ, Үлкен Алматы өзенінің жағалауы бойында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында жалпы ұзындығы 1 750 погон метр болатын қоршау орнатылды.
Көшелерді санитарлық тазалау және жасыл аймақтарды күтіп ұстау
Аумақтың тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында мердігер ұйымдардың күшімен күн сайын жалпы ұзындығы 256 км болатын көше-жол желісін санитарлық тазалау, сондай-ақ жалпы ауданы 129 га жасыл аймақтарды күтіп ұстау жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыстар көшелердің тазалығы мен тәртібін сақтауға, қоқыстарды уақтылы жинауға, қоғамдық кеңістіктердің тиісті жағдайын қамтамасыз етуге және аумақтың абаттандырылған сыртқы келбетін сақтауға бағытталған.
Бұдан бөлек, республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында апта сайын сенбіліктер өткізіледі. Іс-шаралар барысында қоғамдық кеңістіктер, аула аумақтары, көшелер мен жасыл аймақтар тазаланады, тұрмыстық қалдықтар жиналады, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын аумақтар ретке келтіріледі.
Сенбіліктерді өткізуге ұйымдар мен мекемелердің өкілдері, коммуналдық қызметтердің қызметкерлері тартылады.
Заңдастыру
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша барлығы 153 құжат келіп түсті (3 заңды тұлғадан, 150 жеке тұлғадан). Оның 41-і бойынша оң шешім қабылданды, 8 құжат бойынша бас тартылды, 1 құжат қараусыз қалдырылды, 103 құжат орындау үшін Алматы қаласының Сәулет басқармасына жолданды.
Сот істері
Алматы қалалық сотында, Алматы және Шымкент қалаларының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында, Түркістан облысының соттарында және Әуезов ауданының № 2 аудандық сотында 47 іске қатысу қамтамасыз етілді.
Оның ішінде 16 іс ұтылды, 2 іс бойынша жеңіліс тапты (апелляциялық тәртіппен шағымдануда), 12 іс қаралу сатысында, 10 іс тоқтатылды, 5 іс бойынша әкімдікке талап қойылмаған, 2 іс бойынша бітімгершілік келісім жасалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Қала әкімдігінің жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 1 ішкі талдау жүргізілді.
2026 жылғы 29 қаңтарда, 27 наурызда, 6 сәуірде, 19 мамырда, 14 тамызда және 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарының, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау, атқарушылық және еңбек тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы кірістері туралы декларация тапсыру мәселелері бойынша Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қатысуымен кеңестер өткізілді.
2026 жылғы 1 қыркүйекте аудан әкімінің сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөніндегі жұмысы туралы «Мемлекеттік биліктің ашықтығы – сенімнің негізі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» және «Открытость власти как основа доверия» атты мақаласы аппараттың интернет-ресурсында, сондай-ақ «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланды.
«Заң мен тәртіп» іс-шараларын және халықпен кездесулерді өткізу барысында тұрғындарға ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормалары түсіндіріледі.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия
2026 жылдың 9 айында комиссияның 20 отырысы өткізілді (2025 жылдың сәйкес кезеңінде – 18 отырыс).
Барлығы 110 материал қаралды, оның ішінде:
·Полиция басқармасынан – 27;
·мектептер мен колледждерден – 74;
·арнаулы білім беру ұйымдарынан – 4;
·ата-аналардан – 5.
Комиссияның бастамасымен 10 іс-шара ұйымдастырылды (1 кеңес, 8 экскурсия, кинотеатрға, музейге, хайуанаттар бағына, футбол матчына және № 10 қылмыстық-атқару жүйесінің әйелдер мекемесіне бару).
Нашақорлықтың алдын алу
Учаскелік полиция инспекторларымен, «НАРКОСТОП», МРЦ және прокуратурамен бірлесіп, есірткі жарнамаларын бояп өшіру бойынша 12 іс-шара өткізілді. 1 600-ден астам жарнама жазуы жойылды.
Алматы қаласының Психикалық денсаулық орталығымен, Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшесімен және Әуезов ауданының РОО-мен бірлесіп 19 іс-шара өткізілді:
·Психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу тақырыбында 15 дәріс, ашық сабақ және әңгімелесу өткізілді (№ 6, 27, 97, 111, 113, 173 мектептерде, АГКНТ, Д.А. Қонаев атындағы колледжде, АСТК, АКМиС және басқа да ұйымдарда). Іс-шаралармен 1 603 кәмелетке толмаған бала қамтылды.
·Арнаулы білім беру ұйымдарының 124 тәрбиеленушісіне 3 дәріс өткізілді.
·Әуезов ауданының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшесінің 15 инспекторына 1 семинар өткізілді.
·Әуезов ауданы мектептерінің 65 әлеуметтік педагогы, медицина қызметкері және басқа да мамандары арасында «Психобелсенді заттарды қолдануды ерте анықтау және оның алдын алу» тақырыбында 1 семинар өткізілді.
26 маусымда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында Алматы қаласының арнаулы білім беру ұйымында «Біз есірткіге қарсымыз – біз спортты таңдаймыз!» атты спорттық іс-шара өткізілді. Сондай-ақ «Есірткісіз болашақ» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.
Қылмыстылық және деструктивті діни ағымдардың алдын алу
Аудан әкімі мен әкім орынбасарларының төрағалығымен 5 кеңес өткізілді (2026 жылғы 30 наурыз, 4 сәуір, 29 мамыр, 10 және 18 қыркүйек).
2026 жылғы 3 сәуірде Әуезов ауданы бойынша нашақорлық пен есірткі қылмыстылығына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штаб отырысы өткізілді.
Аталған іс-шараларға Әуезов аудандық ҰҚКД, прокуратура және Полиция басқармасының, Алматы қаласы Полиция департаментінің Цифрландыру басқармасы мен Есірткі қылмыстылығына қарсы іс-қимыл басқармасының, білім беру және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері қатысты.
Кездесулерде құқық бұзушылықтардың, есірткі қылмыстылығының және деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері қаралды.
Полиция басқармасымен бірлесіп 17 жедел-профилактикалық іс-шараға қатысу қамтамасыз етілді. Атап айтқанда:
· «Жаяу жүргінші» – 17.01.2026 ж.;
· «Жасөспірім және заң» – 27.01.2026 ж.;
· «Браконьер» – 28.01.2026 ж.;
· «Есептегі элемент» – 10.02.2026 ж.;
· «Тұрмыс», «Тұрмыс – отбасы», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» – 06–08.04.2026 ж.;
· «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» – 20–23.04.2026 ж.;
· «Қазақстан зорлық-зомбылықсыз» акциясы – 18.05–08.06.2026 ж.;
· «Қауіпсіз жол» – 19.02.2026 ж.;
· «Жасөспірім» – 10.04–06.05 және 01–03.07.2026 ж.;
· «Түнгі қаладағы балалар» – 18–20 маусым және т.б.
Әлеуметтік блок
Зейнеткерлер – 50 765 адам, Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 4 адам, ҰТФ – 795 адам, мүгедектігі бар адамдар – 6 127 адам (I топ – 665, II топ – 1 932, III топ – 2 068), мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар – 1 462.
Анықтама: жалпы алғанда, ауданда 6 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады, оның ішінде 1,4 мыңы – балалар.
Қоғамдық даму бөлімі есепті кезеңде 813 өтінішті қарады.
2013–2025 жылдары 2 881 нысан паспорттандырылды (жоспар – 2 850) және 1 472 нысан бейімделді (жоспар – 1 426). 1 472 нысан бойынша материалдар Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «invagov.kz» порталына енгізілді.
2026 жылға арналған бейімдеу және паспорттандыру жоспары 307 нысанды құрады. Жоспар 100%-ға орындалды.
Ауданда ҰТФ санатына жататын 795 азамат бар. 2026 жылдың басынан бері 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен адамдардың еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия арқылы 4 адам өтті. Олардың барлығы ҰТФ санатына жатқызылды.
Әлеуметтік жобалар
Бөлім жұмысының тиімділігін 4 әлеуметтік жоба қамтамасыз етеді:
·«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» әлеуметтік орталығы – 3 филиал (Мамыр шағынауданы, Афцинао көшесі, 3А; Тастақ-1, 3-үй; 9-шағынаудан, 26А-үй). Ауданның қарт тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 20 түрлі қызмет көрсетіледі. Сыйымдылығы – 500 адам, 40 қызметкер жұмыс істейді. Бөлінген қаражат – 181,0 млн теңге.
·«Шыңға өрлеу» – 3 филиал (11-шағынаудан, 17-үй; Жетісу-3, 67-үй; Төле би көшесі, 268/6). Аталған филиалдарда әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектептен тыс қосымша білім беру қызметтері көрсетіледі. Қызмет түрлерінің саны – 18, жылына 640 бала білім алады, 52 қызметкер жұмыс істейді. Бөлінген қаражат – 128,2 млн теңге.
·«Тең қоғам» (Тастақ-1 шағынауданы, 3-үй) – мүгедектігі бар азаматтарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жұмыс істейді. Қызметтің 7 түрі көрсетіледі, күніне 10 адам қабылданады, 8 қызметкер жұмыс істейді. Бөлінген қаражат – 20,4 млн теңге.
·«Отбасын қолдау орталығы» (Мамыр шағынауданы, Афцинао көшесі, 3А) – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қызмет көрсетеді. Күніне 85 адам қабылданады, 5 қызметкер жұмыс істейді. Бөлінген қаражат – 31,4 млн теңге.
Бөлім 2 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді: азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудан босату және мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру.
Есепті кезеңде 944 өтініш келіп түсті, олардың барлығы қаралды: 198 адам әскери қызметке шақырудан босатылды, 746 адамға шақыруды кейінге қалдыру берілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар тіркелген жоқ.
Денсаулық сақтау
Аудан аумағында 11 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде: 5 қалалық емхана, № 2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы, Қалалық перинаталдық орталық, № 5 перзентхана, Қалалық балаларды оңалту орталығы, Ерте жастағы балаларды оңалту орталығы және «Балдәурен» балаларды оңалту орталығы.
Сонымен қатар, ауданда 38 жеке медициналық мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 7 мекемеде мемлекеттік тапсырыс бар («Рахат» медициналық орталығы, «ХАК» медициналық орталығы, «МедСервисХирургия» медициналық орталығы, «№ 55 емхана» ЖШС, «Med Lab» ЖШС, «Сункар Мед-II» медициналық орталығы, «Медлайн» ЖШС).
2024 жылғы тамыздан бастап 12-шағынаудан, 19-үй мекенжайында орналасқан № 16 қалалық емхана ғимаратында сейсмикалық күшейту жұмыстарымен бірге күрделі жөндеу жүргізілуде (ауысымына қабылдау қуаты – 600 келуші, ғимараттың ауданы – 5 800,5 шаршы метр, жөндеу құны – 1,6 млрд теңге, аяқталу мерзімі – 2026 жылғы қараша).
Алтынсарин көшесі, 54 мекенжайында орналасқан № 2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының аумағында ескі ғимарат сүріліп, оның орнына 67 төсек-орынға арналған жаңа заманауи ғимараттың құрылысы жүргізілуде (3 қабатты ғимарат және цокольдық қабат, жалпы ауданы – 11,7 мың шаршы метр, құны – 15,4 млрд теңге, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы – ағымдағы жылдың қараша айы).
Ауданда тіркелген аурулар саны:
·жүрек-қан тамырлары аурулары – 996 (2025 жылы – 952);
·гепатитпен сырқаттану – 187 (2025 жылы – 161);
·туберкулезбен сырқаттану – 194 (2025 жылы – 183);
·ЖИТС/АИТВ – 0 (2025 жылы – 0);
·онкологиялық аурулар – 491 (2025 жылы – 417).
Білім беру
Әуезов ауданында 33 мемлекеттік және 23 жекеменшік мектеп жұмыс істейді.
1–4-сыныптарда 21 686 оқушы, 5–9-сыныптарда 25 223 оқушы, 10–11-сыныптарда 6 278 оқушы білім алады. Мектепалды даярлық сыныптарында 644 бала оқыды.
Оқушылардың жалпы саны – 52 959.
Ауданда 47 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 6 түзету балабақшасы бар. Жалпы жобалық қуаттылығы – 10 596 бала, қазіргі уақытта 10 512 бала қамтылған.
Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша 2025–2026 оқу жылында:
11-сынып оқушылары (мемлекеттік мектептерде – 3 099, жекеменшік мектептерде – 1 053), № 122 кешкі мектепте – 89 оқушы.
«Damu Bala» бағдарламасын іске асыру
Балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған «Damu Bala» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Әуезов ауданы әкімінің аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 164 қызмет көрсетушімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етті (спорт бағыты бойынша – 87 қызмет көрсетуші, шығармашылық бағыт бойынша – 77 қызмет көрсетуші).
Бүгінгі таңда «Damu Bala» ақпараттық жүйесіне 6 435 бала тіркелген (спорт бағыты бойынша – 2 674, шығармашылық бағыт бойынша – 3 761).
Fare Face ақпараттық жүйесінде 3 815 ваучер тіркелген. Бұл жалпы санның 59,2%-ын құрайды (спорт бағыты бойынша – 1 457 ваучер, шығармашылық бағыт бойынша – 2 358 ваучер).
2026 жылы бағдарламаны іске асыруға 2,3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді (спорт бағыты бойынша – 1 054,1 млн теңге, шығармашылық бағыт бойынша – 1 286,7 млн теңге).
Ағымдағы күндегі жағдай бойынша игерілген қаражаттың жалпы көлемі:
· «Шығармашылық» бағыты бойынша – 610 750 040 теңге;
· «Спорт» бағыты бойынша – 817 368 808 теңге.
Ауданның мәдениет саласы
Әуезов ауданының аумағында тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және дене белсенділігімен айналысуына жағдай жасайтын мәдени-демалыс және спорт инфрақұрылымының мекемелері мен нысандары жұмыс істейді.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша инфрақұрылым нысандарына мыналар жатады: 1 театр, 1 саябақ, 5 кинотеатр, 2 кітапхана, 15 демалыс орталығы, 2 музыкалық мектеп, 13 бассейн және 3 мемлекеттік спорт мектебі.
2026 жылдың тоғыз айында аудан тұрғындарына арналған мәдени-көпшілік, қоғамдық-патриоттық және тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары жалғасты.
Тарихи-мәдени мұраны сақтауға, Қазақстанның ұлттық дәстүрлерін, өнері мен мәдени құндылықтарын дәріптеуге бағытталған іс-шараларға ерекше көңіл бөлінді.
Аудан аумағында орналасқан 14 тарих және мәдениет ескерткішін сақтау жұмыстары жалғастырылды.
Мемлекеттік тіл саясатын және ономастиканы іске асыру
Есепті кезеңде мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді қолдану мәдениетін арттыру жұмыстары жалғастырылды.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
·сыртқы жарнама, маңдайшалар мен көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде тіл туралы заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізу;
·шағын және орта бизнес субъектілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
·ауданның сауда орталықтарының өкілдерімен, оның ішінде Sputnik Mall және Asia Park сауда орталықтарымен кездесулер ұйымдастыру;
·ресми құжаттар мен іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілді қолдануға жәрдемдесу;
·аудан ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
·мемлекеттік тілді дәріптеу және тұрғындардың тіл мәдениетін дамыту жөніндегі іс-шараларды жалғастыру.
Кәсіпкерлік субъектілерімен және ұйым өкілдерімен өзара іс-қимыл заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеуге, көрнекі ақпаратты сауатты рәсімдеу деңгейін арттыруға және қолайлы тілдік орта қалыптастыруға бағытталған.
Тоғыз ай ішінде ауданның 50-ден астам ұйымында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Спортты дамыту, жастар саясаты және патриоттық тәрбие
Есепті кезеңде бөлім жұмысы бұқаралық спортты дамытуға, жастар саясатын іске асыруға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, экологиялық тәрбие беруге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Мемлекеттік қызметтер
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету қамтамасыз етілді.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша спорттық разрядтар беру бойынша 693 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 20 өтініш бойынша бас тарту туралы шешім қабылданды.
Демалыс орталықтары және Комьюнити-орталық
Әуезов ауданының аумағында 2 комьюнити-орталық және 15 демалыс орталығы жұмыс істейді.
Олардың қызметі жастардың мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға, білімін кеңейтуге, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, пікір алмасуына және өз бастамаларын іске асыруына жағдай жасауға бағытталған.
IT, цифрлық технологиялар және робототехника бағыттарына ерекше көңіл бөлінеді. Практикалық сабақтар мен шеберлік сабақтары заманауи технологияларды меңгеруге және қолданбалы дағдыларды игеруге ықпал етеді.
Сонымен қатар, орталықтарда коворкинг-аймақ, конференц-зал, кездесулер өткізуге арналған бөлме, музыкалық және би студиялары қарастырылған. Келушілерге психологиялық, құқықтық және басқа да мәселелер бойынша консультациялық қолдау көрсетіледі.
2026 жылдың басынан бері Комьюнити-орталықта 140 іс-шара өткізілді, оның ішінде:
· 45 білім беру, дамыту және кәсіби бағдар беру іс-шарасы;
· 42 мәдени-көпшілік, әлеуметтік және профилактикалық іс-шара;
· 16 экологиялық іс-шара;
· 15 спорттық және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шара;
· 22 профилактикалық және құқықтық іс-шара.
2026 жылдың басынан бері өткізілген іс-шараларға қатысушылардың жалпы саны 10 000 адамнан асты.
Сонымен қатар, Комьюнити-орталықтың қызметтері мен кеңістігін 6 000-нан астам жас тұрақты негізде пайдаланады.
Демалыс орталықтары мен Комьюнити-орталықтың қызметі жастар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға, олардың әлеуетін дамытуға, бастамаларын қолдауға, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және кәсіби әрі әлеуметтік тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесуге бағытталған.
Азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері
1. Бір есептеу құралы үшін 3,4 АЕК
65 өтініш берушіге жалпы сомасы 1,13 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Анықтама: Әлеуметтік көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселенген мөлшерінен аспайтын мұқтаж азаматтардың (аз қамтылған азаматтардың, отбасылардың) жекелеген санаттарына көрсетіледі.
Оларға:
·бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасылар;
·бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар жатады.
Әлеуметтік көмек ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есепке алу құралдарын сатып алуға, орнатуға немесе тексеруден өткізуге жұмсалған шығындарды өтеу үшін беріледі.
Жан басына шаққандағы табыс мөлшері:
· 2-тоқсан бойынша: 71 515 × 3 = 214 545 теңге;
·Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 14 мамырдағы № 301 шешіміне өзгерістер енгізілуіне байланысты 2026 жылғы 8 маусымнан бастап: 50 851 × 3 = 152 553 теңге.
2. 6,5 АЕК
9 өтініш берушіге әлеуметтік көмек тағайындалып, жалпы сомасы 1,265 млн теңге төленді.
Анықтама: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне, сондай-ақ жаралану, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан қайтыс болған адамдардың отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек.
3. 3,5 АЕК (отбасыларға)
Алты айда бір рет 2 846 зейнеткерге әлеуметтік көмек тағайындалып, жалпы сомасы 71,8 млн теңге төленді. Сонымен қатар, санаторийлік-курорттық емделуге заттай нысанда көмек көрсету бойынша 802 өтініш келіп түсті.
Анықтама: Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 14 мамырдағы № 301 шешіміне өзгерістер енгізілуіне байланысты 2026 жылғы 8 маусымнан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңге болып белгіленді (50 851 × 3 = 152 553 теңге).
Жан басына шаққандағы орташа табысы үш ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындалады:
1.жасына байланысты зейнеткерлерге;
2.созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.
Зейнеткерлердің 644-і әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілді.
4. 12 АЕК
48 өтініш берушіге әлеуметтік көмек тағайындалып, жалпы сомасы 15,83 млн теңге төленді.
Анықтама: Амбулаториялық ем қабылдап жүрген туберкулездің 4-санатындағы науқастарға көрсетіледі.
5. 20 АЕК
1 173 өтініш берушіге әлеуметтік көмек тағайындалып, жалпы сомасы 101,4 млн теңге төленді.
Анықтама: Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аспайтын азаматтарға көрсетіледі.
Табыс мөлшері:
· 2-тоқсан бойынша: 71 515 × 2 = 143 030 теңге;
·Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 14 мамырдағы № 301 шешіміне өзгерістер енгізілуіне байланысты 2026 жылғы 8 маусымнан бастап: 50 851 × 2 = 101 702 теңге.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (МАӘК)
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша 181 өтініш қабылданды (отбасы құрамындағы адамдар саны – 818). Жалпы сомасы 119,3 млн теңге көлемінде төлем жүргізілді.
Анықтама: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек. Кедейлік шегі – 52 642 теңге.
1. Тұрғын үй көмегі
91 өтініш берушіге тағайындалды (отбасы мүшелерінің саны – 114 адам). Жалпы сомасы 2,41 млн теңге көлемінде төленді.
Анықтама: Қазақстан Республикасының аумағында меншігінде жалғыз тұрғын үйі бар аз қамтылған отбасының жиынтық табысы негізге алынады. Тұрғын үйді пайдалануға жұмсалатын шығындардың шекті жол берілетін деңгейі 5% мөлшерінде белгіленген.
2. Өрт және табиғи апат салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек
Өрт және табиғи апат салдарынан зардап шеккен 2 өтініш берушіге ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Жалпы сомасы 281,1 мың теңге төленді.
3. АИТВ жұқтырған балаларға әлеуметтік көмек
АИТВ жұқтырған балаларға отбасының табысын есепке алмастан, ай сайын екі еселенген мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Жыл басынан бері 5 балаға әлеуметтік көмек тағайындалып, жалпы сомасы 4,88 млн теңге төленді.
4. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған біржолғы төлем
9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай 1 703 адамға біржолғы ақшалай көмек көрсетіліп, жалпы сомасы 174,250 млн теңге төленді.
5. Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуына арналған төлем
15 ақпанда 595 ардагерге жалпы сомасы 59,5 млн теңге төленді.
Анықтама: Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күніне орай басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 (жүз) мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
6. Санаторийлік-курорттық емделу
5 зейнеткерге санаторийлік-курорттық емделу үшін 811 мың теңге көлемінде төлем жүргізілді.
7. Жеке көмекшінің қызметтері
Қозғалу мүмкіндігі шектеулі бірінші топтағы мүгедектігі бар 554 адамға жеке көмекші қызметін көрсету үшін жалпы сомасы 576,527 млн теңге төленді.
8. Ымдау тілі маманының қызметтері
Есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар 173 адамға ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету үшін жалпы сомасы 73,597 млн теңге төленді.
9. Оңалтудың техникалық құралдары
2 414 адам оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етілді. Жалпы сомасы – 83,888 млн теңге.
10. Мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік-курорттық емдеу
1 918 адамға санаторийлік-курорттық емделу үшін жалпы сомасы 380,0 млн теңге төленді.
Мүгедектігі бар балаларды үйде жеке оқу жоспары бойынша оқыту шығындарын өтеу
Мүмкіндігі шектеулі және мүгедектігі бар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқыту шығындарын өтеу мақсатында 178 өтініш берушіге әлеуметтік көмек тағайындалып, жалпы сомасы 14,302 млн теңге төленді.
Анықтама: Мүгедектігі бар балаларды жеке оқу жоспарына сәйкес үйде оқыту шығындарын өтеу үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері өтініш бере алады.
Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
·алушының жеке басын куәландыратын құжат;
·мүгедектігі туралы анықтама;
·білім беру ұйымынан берілген анықтама.
Бір өтініш берушіге 2-тоқсан үшін 51 900 теңге төленеді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер және басқа да мемлекеттік қызметтер:
1.Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша 215 өтініш қабылданды.
2.Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу бойынша 80 өтініш қабылданды.
3.Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, рұқсат мерзімін ұзарту және рұқсатты кері қайтарып алу бойынша 5 410 адамға рұқсат берілді.
Анықтама: Еңбекші иммигранттарға рұқсат беру, оның мерзімін ұзарту және кері қайтарып алу жөніндегі мемлекеттік қызметтер.
Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және куәліктер беру
Аталған мемлекеттік қызмет бойынша 873 өтініш қабылданды.
1.Ақталған тұлғаға куәлік беру бойынша 6 өтініш қабылданды.
2.Арнайы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында балаларға арналған 3 көпфункционалды әмбебап кресло-арбаны мемлекеттік сатып алу арқылы сатып алу бойынша ашық конкурс жарияланды (9 млн 420 мың теңге). Қамтамасыз ету жұмыстары орындалды.
3.Кохлеарлық импланттарға арналған сөйлеу процессорларын 5 балаға сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілді (41 млн 317 мың теңге). Қамтамасыз ету жұмыстары орындалды.
Анықтама: Кохлеарлық имплант – есту қабілеті қатты төмендеген адамдардың ішкі құлағына хирургиялық жолмен орнатылатын электрондық құрылғы.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу арқылы 12 адамды протездеу және заманауи протездермен қамтамасыз ету бойынша ашық конкурс жарияланды (43 млн 039 мың теңге). Қазіргі уақытта жеткізушімен шарт жасалды, тауардың жеткізілуі күтілуде.
Шағын протездер мен ортопедиялық бұйымдарды сатып алу бойынша да ашық конкурс жарияланды (88 бұйым, 2 млн 270 мың теңге).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері белгіленген талаптарға сәйкес сақталады.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ЖОБАР (ИПАР) орындау көрсеткіші – 77,2%.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 18 335.
Құжат айналымы
Есепті кезеңде аудан әкімінің аппаратына кіріс құжаттарының 2 561-і келіп түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан – 42, жеке тұлғалардан – 16. Шығыс хат-хабарларының саны – 1 890.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері 10 382-ні құрады. Оның ішінде 5 011 өтініш қаралды, 5 321 өтініш тиісті органдарға жолданды.
Құжат айналымының жалпы көлемі – 14 833 құжат.
Бекітілген кестеге сәйкес Әуезов ауданы әкімінің аппараты басшылығы жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.
Аудан әкімінің жеке қабылдауы
Есепті кезеңде аудан әкімінің 32 жеке қабылдауы өткізіліп, оған 148 адам тіркелді. Барлығы 252 мәселе көтерілді.
Қабылдаулар барысында көтерілген мәселелердің негізгі бөлігі келесі бағыттарға қатысты болды:
·коммуналдық шаруашылық – 80;
·абаттандыру және экология – 45;
·қоғамдық даму (денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй мәселелері) – 42;
·құқықтық мәселелер – 36;
·кәсіпкерлік – 24;
·басқа мәселелер – 25.
Оның ішінде аудан әкімі қабылдау барысында 115 мәселе бойынша түсініктеме берді, 23 мәселе оң шешімін тапты, 87 мәселе бойынша түсіндірме берілді, 27 мәселе құзыретті мемлекеттік органға жолданды.
Аудан әкімінің орынбасарларының жеке қабылдауы
Есепті кезеңде аудан әкімінің орынбасарлары 70 жеке қабылдау өткізіп, оған 138 адам тіркелді. Барлығы 140 мәселе көтерілді.
Оның ішінде:
·коммуналдық шаруашылық – 29;
·қоғамдық даму (денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй мәселелері) – 25;
·кәсіпкерлік – 25;
·мәдениет және спорт – 18;
·жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар – 18;
·абаттандыру және инженерлік желілер – 13;
·құқықтық мәселелер – 3;
·басқа мәселелер – 9.
Қабылдау барысында аудан әкімінің орынбасарлары барлық көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелер берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









