Әуезов ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

    1 / 8

    Әуезов ауданында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Отырыс барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллингке қарсы іс-қимыл, оқушылардың сабаққа қатысуы, психологиялық қолдау көрсету және олардың білім алу құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

    Сонымен қатар білім беру ұйымдарынан және заңды өкілдерден келіп түскен өтініштер талқыланып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасау, кәмелетке толмағандарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету және олардың заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Жиын барысында білім беру ұйымдары, құқық қорғау органдары және тиісті мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

    Қаралған мәселелер бойынша жауапты мекемелерге тиісті ұсынымдар беріліп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары