2026 жылғы 5-6 қараша аралығындағы «Бізден сұраңыз, Біз жаныңыздамыз» республикалық ақпараттық науқаны өтуде.
102–111–150» зорлық-зомбылыққа жол жоқ Әуезов ауданы аумағында «Бізден сұраңыз, Біз жаныңыздамыз» отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында республикалық акция аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасындағы жанжалдар мен зорлық-зомбылықтың алдын алу және көмекке жүгіну жолдарын түсіндіру. Азаматтарға келесі маңызды нөмірлерді есте сақтау ұсынылады: 102 – полиция, 111 – отбасы және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша байланыс орталығы, 150 – балалар мен жастарға арналған сенім телефоны.
Егер сіз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз немесе оның куәсі болсаңыз, бейжай қалмай, дер кезінде тиісті қызметтерге хабарласыңыз. Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









