КӘСІПКЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    2026 жылғы 4 қараша күні Жиделіарық ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Шиелі аудандық филиалының менеджер-кеңесшісі Е.Айдарбекұлының ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.

    Кездесуге ауыл тұрғындары белсенді қатысып, кәсіп ашу, мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жеңілдетілген несие, қайтарымсыз гранттар және қолданыстағы бизнесті дамыту мәселелері бойынша сауалдарын қойды.

    Тұрғындар өздерінің бизнес идеяларымен бөлісіп, кәсіпкерлікті қолдаудың қолжетімді мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндірме алды.

    Мұндай кездесулер ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға және жаңа бизнес жобалардың жүзеге асуына мүмкіндік береді.

    Фейсбук

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары