Алтын күз-2026
⚜️ХАБАРЛАНДЫРУ! ⚜️ҚҰРМЕТТІ ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! 🔶Сіздерді 30–31 қазан күндері өтетін «Алтын күз – 2026» мерекесіне шақырамыз! Берекелі күздің мерейін асырып, еңбек адамдарының жетістігін ұлықтайтын мерекелік шаралар аясында тағылымды кездесулер, ғылыми-танымдық конференция, кітаптың тұсаукесері, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, театрландырылған қойылым, еңбек озаттарын марапаттау рәсімі, спорттық сайыстар мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. 🌾 30 ҚАЗАН, ЖҰМА 📍 Ыбырай Жақаев ауылы: • 09:00 – Ыбырай Жақаевтың ескерткіш-кесенесіне гүл шоқтарын қою, құран бағыштау; • 09:10 – Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейімен танысу; • 09:30 – «Жұлдызы жарық Шиелі» кітабының тұсаукесері; • 10:00 – «Ыбырай Жақаевтың еңбек мектебі: дәстүр, тағылым және сабақтастық» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция. 📍 Шиелі кенті: • 11:00 – Ыбырай Жақаевтың 135 жылдығына арналған «Жақаевшылар ізімен: Жаңа заман озаттары» атты аудан жастарының еңбек озаттарымен кездесуі. Өтетін орны: Ы.Жақаев саябағы. • 16:00 – «Тұлғалар тағылымы: парасат пен пайым» атты кездесу кеші. Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаевтың 70 жас мерейтойы мен қоғам қайраткері Бибіжан Жәукөбаеваның 80 жас мерейтойына арналады. Өтетін орны: Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үй. 🌾 31 ҚАЗАН, СЕНБІ 📍 Шиелі кенті: • 08:00 – Аудандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі. Өтетін орны: Сапаржай алаңы. • 10:00 – «Алтын күз – 2026» мерекесіне арналған «Жұлдызы жарық Шиелі» атты театрландырылған қойылым және еңбек озаттарын марапаттау рәсімі. • 11:30 – «Шалқыған ән мен жыр елім, Киелі мекен – Шиелім!» атты аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концерті. • 19:00 – Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт және мерекелік отшашу! 📍 Өтетін орны: Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орталық стадион. Сонымен қатар, мереке аясында қазақ күресінен облыстық турнир мен түрлі спорттық сайыстар өтеді. ⚜️Құрметті Шиелі ауданының тұрғындары мен қонақтары! 🔶Берекесі мен бірлігі жарасқан Шиелі төріндегі «Алтын күз – 2026» мерекесіне келіп, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсерге толы сәттердің куәсі болыңыздар!Баршаңызды мерекелік шараларға белсене қатысуға шақырамыз!
