Отын, көмір және табиғи газ қауіпсіздігі туралы

    1 / 3
    Отын мен көмір

    Мұржаны күтудегі ұқыпсыздық өртке және улы газбен улануға әкелуі мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. ⏺ түтін мұржасын жылына кемінде 3 рет тазалаңыз маусым алдында, қыста және маусымнан кейін; ⏺ күйе мен қоқысты тазалаңыз – бұл өрт пен иіссіз, улы газдан улану қаупін азайтады; ⏺ түтін мұржасының тығыздығын және бүтіндігін тексеріңіз; ⏺ тек құрғақ отынды пайдаланыңыз.

    Отын, көмір және табиғи газ қауіпсіздігі туралы

    Табиғи газ қауіпсіздігі

    Табиғи газды қауіпсіз пайдаланудың негізгі талаптары 1. Ауа алмасуы міндетті Пеш орналасқан бөлме әрдайым желдетіліп тұруы керек. Ауа кіретін шағын желдеткіш саңылау ашық болсын. 2. Пешті қосар алдында тексеріңіз Пешдің түтін шығару құбыры (дымоход) бітелмеген болуы қажет. Түтін кері қайтып тұрмасын — қағазды құбыр аузына жақындатқанда ішке тартылуы тиіс. 3. Газ иісі шықса — бірден әрекет етіңіз Газ кранын дереу жабыңыз. Электр жарығын қоспаңыз. Терезе, есікті кең ашып, үйді желдетіңіз. Газ қызметіне хабарласыңыз. ❗4. Пешді өздігінен жөндемеңіз Барлық жөндеу және техникалық қызмет көрсету тек мамандар арқылы жасалуы керек. Жылына кемінде 1 рет тексерту — міндетті. 5. Пешдің үстін жауып тастамаңыз Пеш жақын маңында жанғыш заттар (шүберек, қағаз, пластик) тұрмауы тиіс. Пешдің үстіне ештеңе қоймаңыз, кептірмеңіз. 6. Балаларды пешке жақындатпаңыз Крандар мен батырмаларды басып ойнауына жол бермеңіз. 7. Үйден ұзақ мерзімге шығарда: Газ кранын жабыңыз. Пешді толық өшіріп, қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз. 8. Газбен тамақ пісіргенде Жанған отты ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. 9. Түтін шығару және вентиляция жүйесін бақылау Дымоходта жабысып қалған зат, құстың ұясы, жапырақ, мұз болмауы тиіс. Құбыр толығымен бүтін болсын. Қауіпсіздік — басты талап!

    Отын, көмір және табиғи газ қауіпсіздігі туралы

    Табиғи газ қауіпсіздігі

    Газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз! 🔥 Пеш пен мұржаның тартуын міндетті түрде тексеріңіз! Мұржаның түтін тартуы дұрыс болмаса, улы көміртек тотығы (иіс газы) үй ішіне жиналып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. ❗️Газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз. ❗️Мұржа мен желдету жолдарының бітеліп қалмағанын бақылаңыз. ❗️Газ жабдығының жарамдылығын тұрақты тексертіңіз. ❗️Газдың немесе түтіннің иісі сезілсе, газды дереу өшіріп, терезені ашып, үйден шығыңыз. ❗️Мұндай жағдайда электр қосқыштарын жақпаңыз, сіріңке тұтатпаңыз және қауіпсіз жерден 112 нөміріне хабарласыңыз. ⚠️ Көміртек тотығы — түссіз әрі иіссіз, адам өміріне өте қауіпті газ. 🙏 Қауіпсіздікке немқұрайлы қарамаңыз. Сіздің өміріңіз — өз қолыңызда!

    Отын, көмір және табиғи газ қауіпсіздігі туралы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары