Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Сайран шағынауданында кезекті аудандық сенбілік өтті

    1 / 19

    Бүгін Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Сайран шағынауданында кезекті аудандық сенбілік өтті.

    Тазалық жұмыстарына 200 адам қатысты.

    Сенбілік барысында 1,7 гектар аумақ тазартылып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 100 түп катальпа ағашы отырғызылды.

    Жұмыстарға 7 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 35 м³ қоқыс шығарылды.

    Ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары