«Құқықтық дәріхана» акциясы: 5 азаматтың еңбек құқықтары қалпына келтірілді

    1 / 5

    Солтүстік Қазақстан облысында халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуге және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясы жалғасуда.

    Кезекті іс-шара барысында құқықтық көмек алу үшін 5 азамат жүгініп, олардың еңбек құқықтарының бұзылғанын, атап айтқанда, жалақының төленбеу мәселесін көтерді.

    Өтініштерді қарау және прокуратура органдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде аталған 5 азаматқа жалақы бойынша берешек толық көлемде өтелді.

    Осылайша, азаматтардың уақтылы жүгінуі мен прокуратура органдарының араласуы нәтижесінде бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, оларға тиесілі ақшалай қаражаттың төленуі қамтамасыз етілді.

    Облыс прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын, оның ішінде еңбек қатынастары саласындағы құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

    Естеріңізге саламыз: «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында әрбір азамат құқықтық көмекке жүгініп, өзін қызықтырған мәселелер бойынша білікті құқықтық түсіндірме ала алады.

    Акция тұрақты негізде өткізіледі және құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті және азаматтарға барынша жақын болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жалпы, акция барысында117 азамат қабылданды.Ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы өткізген акциялары аясында3 800-ден астам азаматқабылданды.

    Облыс прокуратурасы тұрғындарды алдағы уақытта да «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін пайдалануға шақырадыәр сейсенбі сайынПетропавл қаласындағы«Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында(сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да орындарда)өткізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары