«Заң мен Тәртіп » Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 29 қазанда облысты ң қадағалау органының Instagram платформасында әкімшілік, еңбек және табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы мәселелерге арналған тікелей эфир өтт і.
Тікелей эфир барысында прокурорлар өзекті құқықтық мәселелерді түсіндірді, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне нақты уақыт режимінде жауап берді.
Бұл ретте көрермендерге азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жеткізілд і.
Облыс прокуратурасы заңдылықты, құқықтық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.









