«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты этнос өкілдерінің арасындағы облыстық конкурсы

    1 / 4

    Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде және этнос өкілдері жастарының қазақ тілін білуге деген құлшынысын арттыру және ынталандыру мақсатында облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты этнос өкілдерінің арасындағы облыстық конкурсы өтті.

    Конкурстың ереже талаптарына сәйкес 4-кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып, өз өнерлерін көрсетті, екінші кезеңде танымал ақындардың қазақ тіліндегі поэзиялық шығармаларын мәнерлеп оқу, үшінші кезеңде экранда көрсетілген «мақал-мәтелдер», «жаңылтпаштар», «жұмбақтар», «тұрақты сөз тіркестері» ұяшықтарының бірін таңдап, сондағы берілген тапсырманы орындады, төртінші кезеңде қатысушылар экранда берілген мәтіндердің мәнін ашып, баяндап беру болды.

    Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орын Екібастұз қаласының үміткері Тахирова Алина алса, II орынды Павлодар қаласының қатысушысы Балтабекова Анжелика иеленді, ал III орынға Май ауданының үміткері Ронде Ксения лайықты деп танылды.

    Барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары