1 / 3
Қазан айының басында, 1 қазанда Халықаралық қарттар күніне орай Аманбөктер ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл қариялары үшін «Қарттарым – асыл қазынам» атты концерттік бағдарлама мен түрлі іс-шаралар өтті.
Іс-шара барысында үлкендерге құрмет көрсетіліп, қариялардың ел өміріндегі, жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны ерекше аталып өтті. Шара жылы шырайлы, ыстық ықыласпен өтті.
Ауыл әкімі ақсақалдар мен әжелерге денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына аманшылық тілеп, қариялар алдындағы құрмет пен қамқорлықтың маңызын атап өтті.






