Аманбөктер ауылында оқушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық дамуына арналған жиын өтті

    1 / 3

    Аманбөктер ауылында «Аманбөктер негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залында оқушылардың қауіпсіздігі, психологиялық дамуы және тәрбиесі мәселелеріне арналған жиын өтті.

    Шараға ауыл әкімі және әкімдік қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ жиынға Аналар кеңесі төрайымы, мектеп директоры, мұғалімдері, медицина қызметкерлері және ата-аналар шақырылды. Баяндамашы көрнекі презентация арқылы өзекті тақырыптарды таныстырды.

    Жиында мынадай мәселелер талқыланды:

    • балалардың мектепте және мектептен тыс уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    • оқушылардың психологиялық денсаулығы және жас ерекшелігіне сай дамуы;
    • ата-ана, мектеп және ауыл әкімдігі арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
    • мектеп формасына және оқушылардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптар.

    Қатысушылар сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Жиын соңында балалардың қауіпсіз және жан-жақты дамуы үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңызы атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Сарқан ауданы Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары