Жаңа оқу жылының басталуы
2026 жылғы 1 қыркүйек күні мектебімізде дәстүрлі білім күніне арналған салтанатты ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Мерекелік шараға мектеп басшылығы, ұстаздар, ата-аналар және құрметті қонақтар қатысып, оқушыларға сәттілік пен жаңа жетістіктер тіледі.
Жиын барысында мектептің өнерлі оқушылары ән шырқап, мың бұрала би билеп, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Алғашқы қоңырау үнімен оқушылар қуанышпен сыныптарына кіріп, алғашқы сынып сағаттарын өткізді.
Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Оқу жылы табысты, жемісті әрі қызықты өтсін!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






