Павлодарда «Тіл – достық құралы» атты облыстық тілдер фестивалі өтті

    1 / 7

    2026 жылғы 8 қазан Торайғыров университетінде Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – достық құралы!» атты облыстық тілдер фестивалі өтті.

    Тілдер фестивалінің басты мақсаты еліміздегі тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдері мен мәдениетін құрметтеу болып табылады.

    Ана сүті арқылы бойға дарыған тіл ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, байланыс құралы ғана емес, тарихымыздың ажырамас бөлігі, діліміздің тірегі, мәдениет пен әдебиеттің биік тұғыры болып саналады. Осы орайда өңірімізде тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстарды мәдени-рухани қолдау бағытындағы игі шара жыл сайын өткізіледі.

    Ағымдағы жылдың 1-30 қыркүйек аралығы облыс бойынша «Тілдер айлығы» деп жарияланды. Осы уақыт аралығында облыстың қалалары мен аудандарында елімізде тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, тілін, тарихын және тұрмысын насихаттайтын 200-ден астам іс-шара, сондай-ақ тілдерді насихаттауға арналған байқаулар, дөңгелек үстелдер, концерттік бағдарламалар мен конференциялар ұйымдастырылды.

    Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесі еліміздің барлық этностары үшін дәстүрге айналды, оның негізінде бүкіл адамзаттың рухани мұрасы мен идеясы жатыр, ал әрбір этномәдениет әлемдік өркениетке баға жетпес аманат. Қазақстанда тілдерді сақтау мен дамыту – қазақстандық қоғамның тұрақтылығына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

    Фестиваль барысында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге үлес қосқан облыстың бірқатар азаматтары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Алғысхаттарымен және Павлодар облысы әкімі орынбасарының алғысхаттарымен марапатталды.

    Аталған іс-шараға этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, өңіріміздің тіл жанашырлары, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, мекеме және ұйым басшылары, қала, аудандардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен мамандары, барлығы 300-ге жуық адам қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары