Құқықтық дәріхана»: барлығына қолжетімді құқықтық көмек

    1 / 4

    27.10.2026 жылы Петропавл қаласында және облыстың 13 аудан орталығында «Құқықтық дәріхана» кезекті акциясы өтті.

    Әр сейсенбіде прокурорлар заңнаманы түсінуге, өз құқықтарын қорғаудың ықтимал жолдарын анықтауға және әртүрлі құқықтық мәселелер (әлеуметтік, еңбек, жер, қылмыстық және т.б.) бойынша жауаптар алуға көмектесетін тегін консультациялар өткізеді.

    Акцияның негізгі мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ құқықтық көмек көрсету.

    Мәселен,өтініш беруші Петропавл қаласының тұрғыны көппәтерлі тұрғын үйдің дұрыс ұсталмағанын және МИБ төрағасының шатырды жөндеуге қатысты бірнеше рет өтінішіне жауап бермегенін хабарлады. Прокурорлар тұрғын үй мәселелерін шешу тәртібін түсіндірді.

    Қызылжар ауданының тұрғыны интернет-платформа өкілдерінің инвестициялық жобаға салынған қаражатты қайтарудан бас тарту мәселесін көтерді. Прокурорлар азаматтың күмәнді инвестициялық схеманың және құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібінің құрбаны болуы мүмкін екенін түсіндірді.

    Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтарға тек құқықтық кеңес қана емес, сонымен қатар практикалық көмек алуға мүмкіндік береді.

    Акция тұрақты негізде өткізіледі және құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті және азаматтарға барынша жақын болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жалпы, акция барысында119 азамат қабылданды.Ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы өткізген акциялары аясында3 700-ден астам азаматқабылданды.

    Облыс прокуратурасы тұрғындарды алдағы уақытта да «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін пайдалануға шақырадыәр сейсенбі сайынПетропавл қаласындағы«Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында(сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да орындарда)өткізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары