Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» аясында 100 түп ағаш көшеті отырғызылды

    1 / 19

    24 қазанда Алматы қаласының Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында кезекті аудандық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық және көгалдандыру жұмыстары Ақсай-2 шағынауданында жүргізілді.

    Экологиялық акцияға 200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Әуезов ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, білім беру ұйымдарының өкілдері, құтқару және коммуналдық қызмет мамандары, еріктілер, кәсіпкерлер, белсенді жастар мен аудан тұрғындары болды.

    Сенбілік барысында көшелер, қоғамдық кеңістіктер мен кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтар тазартылды. Сонымен қатар ауданның жасыл қорын толықтыру мақсатында 100 түп ағаш көшеті отырғызылды.

    Тазалық жұмыстарына 50 коммуналдық қызметкер мен 12 арнайы техника жұмылдырылып, 200 бірлік құрал-сайман пайдаланылды. Нәтижесінде 40 текше метр қоқыс шығарылды.

    «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы мұндай шаралар ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары