ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КОНЦЕРТ ӨТТІ

    1 / 18

    25 қазан – Республика күніне орай Әуезов ауданында «Көк Байрақ астындағы ұлы ел» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

    Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алып шығу және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік Әнұранды алғаш орындаған белгілі опера әншісі Талғат Күзембаевтың орындауындағы Әнұранмен басталды.

    Мерекелік жиында Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев тұрғындарды ұлттық мерекемен құттықтап, ауданның дамуына, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ел игілігіне үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдеріне Алғыс хаттар табыстады.

    Концерттік бағдарламада елімізге танымал өнерпаздар Қуандық Рахым, Мирас пен Құралай Бекжановтар, Самат Жанғазин және өзге де өнер иелері өнер көрсетті. Әскери институт курсанттарының әсерлі дефилесі, патриоттық әндер мен ұлттық билер мерекелік кештің сәнін келтіріп, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

    Елдік рухты асқақтатып, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған мерекелік кеш тұрғындар мен қонақтардың басын қосып, бірлік пен отансүйгіштіктің жарқын көрінісіне айналды.

    Республика күні құтты болсын! Көк байрағымыз биікте желбіреп, еліміздің еңсесі асқақтай берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары