Ұлттық экономика министрлігі қызметкерлері Республика күніне орай марапатталды

    1 / 14

    Ұлттық экономика министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Іс-шара аясында сала қызметкерлері мен ардагерлері көп жылғы адал еңбегі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

    Салтанатты жиында сөз сөйлеген Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 1990 жылғы 25 қазанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуына негіз болған Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның қабылдануының тарихи маңыздылығын атап өтті. Биыл ел Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтуде.

    Вице-премьер Министрлік ұжымының ел экономикасын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, өңірлік әлеуетті нығайтуға және мемлекеттік басқаруды жетілдіруге қосқан үлесін атап өтті.

    "Ерен еңбегі үшін" медалімен Ұлттық экономика министрлігінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың 15 өкілі марапатталды: Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің бас сарапшысы Гүлмира Акишева, Адами ресурстармен жұмыс департаментінің бас сарапшысы Ботагөз Ақжігітова, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бас сарапшысы Алтын Елубекова, "Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерік Ермекұлы, Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті басқармасының басшысы Гүлдана Иманғалиева, Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Бекжан Кисанов, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті басқармасының басшысы Жанна Қоштаева, Салық және кеден саясаты департаменті басқармасының басшысы Әлия Қоспанова, Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің бас сарапшысы Дана Мамбаева, Экономика және қаржы департаментінің бас сарапшысы Әсемгүл Омарова, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ орталығы директоры Әлібек Райпов, Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Аля Салықбаева, Стратегиялық талдау және даму департаментінің бас сарапшысы Зәуреш Сандыбаева, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бас сарапшысы Вероника Сейтмағамбетова және еңбек ардагері Нәзира Тұрсынбаева.

    Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті басқармасының басшысы Нұрман Әбілқасымов "Мемлекеттік қызмет ардагері" төсбелгісімен марапатталды.

    Саланың дамуына қосқан үлесі үшін еңбек ардагерлері Марат Қалиев пен Айжан Құсайынова да марапатталды.

    Сонымен қатар, Министрліктің бірқатар қызметкерлері ведомстволық марапаттарға, Министрліктің Құрмет грамоталарына және Министрдің Алғыс хаттарына ие болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" жаңалықтары