Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

    Министерство осуществляет руководство в сферах стратегического планирования, налоговой и бюджетной политики, а также политики в области таможенного дела, государственного и гарантированного государством заимствования и долга, государственно-частного партнерства, государственных инвестиционных проектов, защиты конкуренции и ограничения монополистической деятельности, естественных монополий, развития и поддержки частного предпринимательства, саморегулирования, государственной статистической деятельности и защиты прав потребителей.

    Министрлік туралы

    Министрлік стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, макроэкономикалық талдау және болжау, өңірлік даму, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, инвестицияларды тарту, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, табиғи монополиялар, мемлекеттік активтерді басқару, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, жобаларды басқару салаларындағы басшылықты жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2026 жылғы 24 қыркүйек

    2026 жылғы 24 қыркүйекте Министрлік «Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін және қабылданған заңнамалық өзгерістерді енгізу» тақырыптарында семинар өткізді. Шақырылған спикер ретінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының Өтініштерді алдын ала зерделеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Қайрат Еслямкалиевич Исмагулов сөз сөйледі. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 2026 жылғы негізгі ережелері, сондай-ақ конституциялық жаңалықтар мен оларды іске асырудың негізгі бағыттары қаралды. Конституциялық бақылау, билікті бөлу қағидаты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері, сот арқылы қорғау, халықаралық шарттардың құқықтық жүйедегі орны, сондай-ақ Конституциялық Соттың рөлін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қатысушыларға мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерге, бір палаталы Парламентке көшуге, Қазақстан Халық Кеңесін құруға, азаматтардың цифрлық құқықтарын дамытуға, отбасылық қатынастар қағидаттарына, еңбек ету және бейбіт жиналыстар өткізу құқықтарына, сондай-ақ сот төрелігінің конституциялық қағидаттарына қатысты ережелер түсіндірілді. Іс-шара соңында Қайрат Исмагулов қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, конституциялық ережелер мен қабылданған заңнамалық шешімдерді қолданудың практикалық аспектілері бойынша қажетті түсіндірмелер берді. Семинар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік органдардың қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін біркелкі түсіну мен қолдануды қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Іс-шараны Министрліктің барлық қызметкерлері үшін Заң департаменті ұйымдастырды.

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ұлттық экономика вице-министрінің Түркістан облысының халқымен кездесуі

    Құрметті, Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 17 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев халықпен және бизнес өкілдерімен кездеседі. Негізгі іс-шаралар мына мекенжайда өтеді: Түркістан облысы, Төле би ауданы, Леңгір қаласы, Әйтеке би көшесі, 28 үй. Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу 15:00-де басталады. Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: WhatsApp +7 776 662 6575 (ҰЭМ) Азаматтарды белсенді қатысуға және Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевқа сұрақтар қоюға шақырамыз.

    14 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ұлттық экономика вице-министрінің Жамбыл облысының халқымен кездесуі

    Құрметті, Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді. Негізгі іс-шаралар мына мекенжайда өтеді: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 10 үй. Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу 11 :00-де басталады. Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: WhatsApp +7 776 662 6575 (ҰЭМ) Азаматтарды белсенді қатысуға және Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевқа сұрақтар қоюға шақырамыз.

    14 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2026 жылғы 26 наурыз

    2026 жылғы 26 наурызда Министрлік «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың проблемалық аспектілері» туралы тақырыбы бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қызметкерлерге жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы ағымдағы өзгерістер туралы ақпарат берілді. Семинар қорытындысы бойынша баяндамашы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексінің ережелерін қатаң сақтаудың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Аталған іс-шара барлық қызметкерлер үшін Министрліктің Заң департаментімен ұйымдастырылды.

    26 наурыз 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Шетелдік интернет-дүкеннен құны 200 еуроға дейінгі тауар сатып алсам, кедендік баж төлеуім керек пе?

    Жауап

    Жеке тұлғалар шетелдік интернет-платформалар арқылы сатып алатын тауарларға қатысты 200 еуро мөлшеріндегі бажсыз әкелу нормасы сақталады. Тауардың құны 200 еуродан аспаған жағдайда, электрондық сауда тауарларына арналған декларация арқылы рәсімделеді және бұл ретте әкелу кедендік бажы төленбейді. Белгіленген бажсыз әкелу нормасынан асқан жағдайда тауарлардың толық көлемі декларацияда көрсетіледі және кедендік баж есептеледі. Электрондық сауда тауарларына арналған жаңа тәртіптің құқықтық негізі 2023 жылғы 25 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға негізделеді. Қазақстан Республикасында аталған Хаттама 2025 жылғы 4 қазандағы № 221-VIII ҚРЗ Заңымен ратификацияланды. Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексін электрондық сауда тауарларын өткізу ерекшеліктерін реттейтін 43¹-тараумен толықтырды. (Мысал, шетелдік интернет-дүкеннен 150 еуроға тауар сатып алынса — кедендік баж төлеу қажет емес. 250 еуроға сатып алынса — кедендік баж төлеу қажет.)

    Сұрақ

    Интернет-дүкеннен сатып алған тауарымды кеденде өзім декларациялауым керек пе?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 392-4-бабына сәйкес жеке тұлғалар сатып алатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін электрондық сауда тауарларының декларанты ретінде тауарды алушы жеке тұлға, сондай-ақ Кодексте көзделген жағдайларда электрондық сауда операторы әрекет ете алады. Электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны пайдалана отырып жүзеге асырылады. Жаңа тәртіптің негізгі мақсаттарының бірі – жеке тұлғалар үшін кедендік рәсімдерді жеңілдету. Осыған байланысты тауарды электрондық сауда операторы декларациялаған жағдайда, азаматтың кедендік рәсімдерді жүргізу үшін салық органдарында арнайы тіркелуі талап етілмейді. Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның нысаны Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 143 шешімімен бекітілген. (Мысал, интернет-дүкеннен тауар сатып алынса — тауарды өз бетінше декларациялау міндетті емес. Декларацияны сатып алушы – жеке тұлға немесе электрондық сауда операторы тапсырады.)

    Сұрақ

    Шетелдік маркетплейстен біртекті тауарларды көп мөлшерде сатып алып, кейін оларды сатуға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 392-1-бабының 2-тармағына сәйкес, электрондық сауда тауарларын өткізу ерекшеліктері қолданылып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар шығарылғаннан кейін коммерциялық қызметте пайдаланылмауға тиіс. Мұндай тауарлардың коммерциялық қызметте пайдаланылғаны анықталған жағдайда, жеке тұлға тауарларды коммерциялық қызметте пайдалану фактісі анықталған мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылады. Іс жүзінде коммерциялық мақсатта пайдаланудың ықтимал белгілеріне біртекті тауарларды жүйелі түрде көп мөлшерде сатып алу, оларды интернет-платформалар арқылы тұрақты сату және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды көрсететін басқа да мән-жайлар жатқызылуы мүмкін. Бұл ретте бірнеше біртекті тауарды сатып алу фактісінің өзі автоматты түрде кәсіпкерлік қызметті білдірмейді – мәселе нақты мән-жайларды ескере отырып бағаланады. Мысал, жеке тұлға шетелдік маркетплейсте жеке тұлғалар үшін электрондық сауда тәртібін қолдану арқылы 40 бірлік біртекті тауар сатып алып, оларды Қазақстан Республикасының аумағында сатуға қойды. Бұл әрекеттер тауарларды коммерциялық қызметте пайдалану болып табылады, бұл тыйым салынған. Мұндай факті анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туындауы мүмкін.

    Сұрақ

    Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі қандай функцияларды орындайды?

    Жауап

    «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 53-бабына сәйкес директорлар кеңесі Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, қоғам қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. «Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 21 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – Үлгілік кодекс) директорлар кеңесі өзінің функцияларын заңнамаға, Қоғам Жарғысына, Үлгілік кодекске және ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырады. Директорлар кеңесі даму жоспарын айқындауға және өзектілендіруге, тиімділіктің түйінді көрсеткіштерін (бұдан әрі – ТТК) қоюға және оларды мониторингтеуге, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыруға және қадағалауға ерекше назар аударады. Мысалы: Директорлар кеңесі Қоғамның даму жоспарын бекітеді, атқарушы орган мүшелері үшін ТТК белгілейді және олардың орындалуын бақылайды.

    Сұрақ

    Акционерлік қоғамның атқарушы органының функциялары қандай?

    Жауап

    «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабына сәйкес, қоғамның ағымдағы қызметіне басшылықты алқалы немесе жеке-дара түрінде атқарушы орган жүзеге асырады. Атқарушы орган қоғам қызметінің заңнамада және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдардың құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселесі бойынша шешім қабылдауға құқылы. «Ұлттық әл-ауқат қорынан басқа, мемлекет бақылауындағы акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығына сәйкес корпоративтік басқарудың атқарушы органы директорлар кеңесіне есеп береді, қоғамның күнделікті қызметіне және даму жоспарын және/немесе іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысының шешімдерін іске асыруға жауапты болады. Мысалы: Қоғамның Басқармасы ағымдағы қызмет мәселелерін қарайды, бекітілген даму жоспары мен Директорлар кеңесінің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады.

    Сұрақ

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу дегеніміз не?

    Жауап

    «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 21 тамыздағы № 678 қаулысының 1-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий белгіленген. Мораторий квазимемлекеттік сектор субъектісі құрылатын немесе заңды тұлға осындай субъектінің белгілерін иеленетін жағдайларға қолданылады. Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтарған жағдайда мораторий қолданылмайды. *Акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлік қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алуға құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарда көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз *Квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым, жоғары ғылыми ұйым. *Мораторий – белгілі бір әрекеттерді жасауға уақытша тыйым салуды (шектеуді) көздейтін нормативтік құқықтық актіде белгіленген уақытша тыйым. Мысал: Қолданыстағы акционерлік қоғамның акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды құру, нәтижесінде оның квазимемлекеттік сектор субъектісінің белгілерін иеленуі мораторий қолданылатын жағдайларға жатады.

    Жоба

    «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы

    1. НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба). 2. Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі. 3. НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздемелер (тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға (болған жағдайда) сілтеме жасай отырып) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 93-1-бабы. 4. НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Жобамен Әдістемеге жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қаржылық және мүліктік, инфрақұрылымдық, институционалдық және қаржылық емес мемлекеттік шараларының тиімділігін талдау бөлігіне өзгерістер енгізу көзделуде. 5. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларды мониторингтеуді техникалық сүйемелдеуді тіркеуші жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырады, ол мынаны қамтиды. 6. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

    Жарияланды:
    Жоба

    2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы.

    1 Жобаның атауы 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы. 2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі. 3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 16 «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы туралы» өкімі. 4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелерінің сипаттамасы Хаттама жобасы ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы контейнерлерді өткізу тәртібін жеңілдетуге, кедендік транзит мәселелерін бірыңғай реттеуді және кедендік рәсімдерді жетілдіруді көздейді, кедендік баждар мен салықтарға қатысты мәселелерді келісуге, электрондық құжат айналымын одан әрі біріздендіруге және ЕАЭО жалпы процестері шеңберінде ақпараттық өзара әрекеттестікті дамытуға бағытталған түзетулер кешенін қарастырады. 5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Мақсаты - кедендік операцияларды оңайлату және ЕАЭО Кеден кодексінің нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету. Хаттаманы жасасудың жоспарланған мерзімі - 2026 жыл. Ережелері Хаттама күшіне енгеннен кейін іске асырылады. 6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін кедендік рәсімдерді оңайлату, кедендік нормаларды қолдану тәртібін нақтылау және кеден органдары арасындағы ақпарат алмасуды жақсарту.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қабылданған заңдардың іске асырылуы туралы ақпарат

    Қабылданған заңдардың іске асырылуы туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Үкіметтің 2026 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының (бұдан әрі – 2026 жылға арналған жоспар) орындалуы туралы ақпарат

    Үкіметтің 2026 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының (бұдан әрі – 2026 жылға арналған жоспар) орындалуы туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Ішкі аудит басқармасының 2027 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Ішкі аудит басқармасының 2027 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 78 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасы

    1. НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 78 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасы (бұданәрі –Жоба). 2. Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі. 3. НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса) Жоба «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңырту» Ұлттық жобасы (бұдан әрі – Ұлттық жоба)шеңберінде уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. 4. НҚА жобаларының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Жоба шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін кредиттеу және субсидиялау шарттарын нақтылау көзделеді. 5. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері 2026 жылғы қазан. 6. НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

    Жарияланды: