Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімін өзгертуге жол беріледі ме?
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның
(бұдан әрі – Заң) 49-бабына сәйкес мынадай талаптар сақталған кезде тараптардың келісімі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шартының мерзімін өзгертуге жол беріледі:
1) мұндай өзгерістер нәтижесінде МЖӘ жобасының әлеуметтік-экономикалық тиімділік көрсеткіштерін жақсарту;
2) МЖӘ шартында көзделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына және(немесе)көлеміне және(немесе)қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпеу;
3) жекеше әріптестің МЖӘ шартының қолданылу мерзімін ұзарту жүзеге асырылатын кезеңде инвестициялар енгізуі (Мысалы, МЖӘ шартына енгізілетін өзгерістер шарт қолданысының ұзартылған мерзімі ішінде жекеше әріптес жаңа жабдықты өз қаражаты есебінен сатып алуды жүзеге асырады деп болжайды);
4) мемлекеттік міндеттемелер өзгерген жағдайда бюджет комиссиясының шешімі;
5) сараптамалардың оң қорытындылары және мұндай өзгерістерді тиісінше сараптаманы және конкурстық құжаттаманы және МЖӘ шартының жобасын келісуді жүзеге асырған барлық органдардың, өзге
де мүдделі органдардың өз құзыреті мәселелері бойынша келісуі,
сондай-ақ монополияға қарсы органның мұндай өзгерістерді бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде келісуі.