Қоғамдық бірлестіктер бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы табиғи монополия субъектілерінің есептерін қарауға қатыса алады ма?

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

    Сұрақ

    Қоғамдық бірлестіктер бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы табиғи монополия субъектілерінің есептерін қарауға қатыса алады ма?

    Жауап

    «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес, қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасында белгіленген құқықтардан басқа, сондай-ақ тарифтің және инвестициялық бағдарламаның жобаларын, бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді уәкілетті органның (Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық органдары) қарауына қатысады.

    Осылайша, есептерге қатысты ескертулер болған жағдайда, қоғамдық бірлестіктер оларды Табиғи монополияларды реттеу комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жазбаша нысанда жібере алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесі дегеніміз не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 167-ө «Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» өкіміне сәйкес, Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативті...

    Сұрақ

    Сараланған тарифті қолдану кезінде электр энергиясын тұтыну көлемі қалай айқындалады?

    Жауап

    Жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлемдеріне байланысты электрмен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді саралау қағидаларының (Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы №57-ОД бұйрығымен бекітілген) 7...

    Сұрақ

    Жалпыүйлік қажеттіліктерге тұтынылатын электр энергиясы үшін төлем қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 75-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген) үйге ортақ мұқтаждарға пайдаланылған электр энергиясының көлемі электр желісінің теңгерімдік тиесілігін бөлу шекарасын...

    Сұрақ

    Қандай жағдайларда бейрезиденттің табыстары табыс болып танылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 679-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын бейрезиденттің табыстарына резидентке тауарларды жеткізуге төлеу үшін міндеттемелері түріндегі табыс, жұмыстарды орындау және...

    Сұрақ

    Корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты салық төлеушінің шығыстары шегерімге жата ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) нормаларына сәйкес корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі – КТС) есептеу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді алған күнге арнаулы салық режимін (бұдан әрі – АСР) оңайлатылған декларация негізінде...

    Сұрақ

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі кімдерге арналған?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 715-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс), өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, қызметті өз бетінше жүзеге асыратын жеке тұлғаларға арналған. Айына 300 айлық есептік көрсеткішке дейін...

    Сұрақ

    Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы дегеніміз не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 1-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы мемлекеттік органның функциялары, өкілеттіктері мен құзыреттерінің іске асырылуын, мемлекеттік органның даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының, аст...

    Сұрақ

    Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы қандай құжаттардан тұрады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 75-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді және ол мынадай құжаттардан тұрады: 1) жоспарланатын кезеңге а...