Қандай жағдайларда бейрезиденттің табыстары табыс болып танылады?

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

    Сұрақ

    Қандай жағдайларда бейрезиденттің табыстары табыс болып танылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ( бұдан әрі – Кодекс) 679-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын бейрезиденттің табыстарына резидентке тауарларды жеткізуге төлеу үшін міндеттемелері түріндегі табыс, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшін, бейрезиденттің тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсеткен күннен бастап он екі ай ішінде орындамаған жағдайда туындайтын табыстары жатады. Бұл ретте аталған норманы қолдануға қатысты өтпелі ережелер көзделмеген.

    Осылайша, егер бейрезидент тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлеу жөніндегі міндеттемесін олар жеткізілген (орындалған, көрсетілген) күннен бастап 12 ай ішінде орындамаса, онда бейрезидентте Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыс орындалмаған міндеттеме сомасы мөлшерінде туындайды және бұл міндеттемелердің туындаған күніне қарамастан қолданылады.

    Аталған норма капиталды негізсіз шығарудың алдын алуға, сыртқы экономикалық шарттар бойынша міндеттемелерді орындауды негізсіз созу тәуекелдерін азайтуға және мемлекеттің фискалдық мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте табысты тану міндеттемелер белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады және шарт талаптары тиісінше орындалған жағдайларға қолданылмайды.

    Бұл мәселе 2026 жылғы 28 сәуірде өткен Жобалық офис отырысында қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша тұжырымдамалық тұрғыдан бейрезиденттерге төленген аванстарға салық салу кезінде 12 ай мерзімін сақтай отырып, салалық мемлекеттік органдардың қорытындысына сәйкес жекелеген инвестициялық жобалар үшін 24 айға дейін ерекшелік белгілеу жөніндегі ұсыныс мақұлданды.

    Сонымен қатар тиісті норманы түзету мәселесін бағалау үшін оның инвестициялық жобаларға және экономиканың сабақтас салаларына әсерін, қалыптасқан шарттық тәжірибені және қаржылық салдарын ескере отырып кешенді талдау жүргізу қажет.

    Мысал: Қазақстандық кәсіпорын шетелдік компанияға жабдық жеткізді. Жеткізу күнінен бастап 12 ай өткен соң бейрезидент жеткізілген тауар үшін төлем жүргізген жоқ.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесі дегеніміз не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 167-ө «Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» өкіміне сәйкес, Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативті...

    Сұрақ

    Сараланған тарифті қолдану кезінде электр энергиясын тұтыну көлемі қалай айқындалады?

    Жауап

    Жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлемдеріне байланысты электрмен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді саралау қағидаларының (Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы №57-ОД бұйрығымен бекітілген) 7...

    Сұрақ

    Жалпыүйлік қажеттіліктерге тұтынылатын электр энергиясы үшін төлем қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 75-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген) үйге ортақ мұқтаждарға пайдаланылған электр энергиясының көлемі электр желісінің теңгерімдік тиесілігін бөлу шекарасын...

    Сұрақ

    Корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты салық төлеушінің шығыстары шегерімге жата ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) нормаларына сәйкес корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі – КТС) есептеу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді алған күнге арнаулы салық режимін (бұдан әрі – АСР) оңайлатылған декларация негізінде...

    Сұрақ

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі кімдерге арналған?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 715-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс), өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, қызметті өз бетінше жүзеге асыратын жеке тұлғаларға арналған. Айына 300 айлық есептік көрсеткішке дейін...

    Сұрақ

    Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы дегеніміз не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 1-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы мемлекеттік органның функциялары, өкілеттіктері мен құзыреттерінің іске асырылуын, мемлекеттік органның даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының, аст...

    Сұрақ

    Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы қандай құжаттардан тұрады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 75-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді және ол мынадай құжаттардан тұрады: 1) жоспарланатын кезеңге а...

    Сұрақ

    Секвестрлеу дегеніміз не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 97-бабына сәйкес секвестрлеу бюджет қаражатының шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнаулы тетікті білдіреді, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдердің республикалық және жергілікт...